27 Қыркүйек, 2011

Аралас комиссияның атқарары көп

362 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2011 жылғы 15 қыркүйекте Ресей Федерациясының Астрахань қаласында «Алтай» трансшекаралық резерватын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім-шартқа қол қойылды. Қазақстан үшін – бұл бірінші құрылған трансшекаралық резерват. Резерват құ­рамы­на Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі (Қазақстан Республикасы) мен «Катун» мемлекеттік табиғи биосфералық қо­рығы (Ресей Федерациясы) кірді. Содан кейін осы резерватты Бүкіләлемдік био­сфе­ра­лы­қ резерваттар желісіне қосу жоспарлануда. «Алтай» резерватын құру «Алтай» трансшекаралық аумағындағы жабайы жануарлардың бөгетсіз қоныс аударуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету және табиғи өрттерді жою, алдын алу, таби­ғат­ты қорғаудағы заң бұзушылықты тоқ­тату жөніндегі тараптар қызметінің ара­сын­дағы қарым-қатынас, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген объек­ті­ле­рін қоса алғанда, табиғи кешендер мен объектілерді қорғау жөніндегі іс-ша­ра­лар­ды күшейту, ғылыми-зерттеу жүргізу саласындағы екі жақты қарым-қатынас­ты дамытуды ықпалдастыратын болады. Резерват құру бұдан басқа шекаралас аудандардағы экологиялық туризмді да­мы­ту мен халықтың экологиялық сауа­тын ашуға ықпал ететін болады. Жоға­рыда аталған іс-шараларды іске асыру үшін қазақстандық-ресейлік аралас комиссия жұмыс жасайды. Аралас комиссия тараптардың өкі­летті органдарының келісімі бойынша Қа­зақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында кезектесіп отырыстар өткізіп тұрады. Комиссияның алғашқы отырысында соның негізінде бірлескен іс-шаралар жос­парын, Алтайдың таулы бөлігіндегі аумақта ғылыми зерттеулер жүргізу тақырыптарын бекітуді қоса алғандағы қызметтестіктің бағдарламасы мен жоспары әзірленетін комиссия ережесін қабылдау жоспарланған. Аралас комиссияның жұмысы транс­шекаралық резерват аумағындағы эко­ло­гиялық туризмді дамыту, табиғи өрт­тер­дің, экологиялық құқық бұзушылық­тар­дың алдын алу мен ескерту бойынша та­рап­тардың мемлекеттік органдары ара­сындағы өзара әрекеттерді күшейтуге бағытталатын болады. Резерват құру қоршаған ортаны қор­ғау саласындағы Қазақстан мен Ресей ара­сын­дағы екі жақты қарым-қатынасты дамы­туға жаңа серпін береді деген үміттеміз. Бұдан басқа, тараптар қазіргі уақытта Еділ-Жайық киіктер тобын қорғау, өсімін молайту және пайдалану бойын­ша Қазақстан Республикасы Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі мен Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасындағы келі­сім-шарт жобасы мен шекаралас аумақ­тардағы орман және дала өрттерінің алдын алу мен сөндіру бойынша Қа­зақ­стан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім-шарт жобасымен келісу жөнінде жұ­мыстар жүргізіліп жатыр. Бұл келісім-шартқа жақын уақытта қол қойылатынына үміт мол. Ерлан НЫСАНБАЕВ, Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы.