27 Қыркүйек, 2011

Қазақ физиологтарының VII съезі өтті

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Заманауи физиология: клетка­лық-молекулалықтан интегративтік негізде денсаулықпен ұзақ жасау» атты тақырыпта үш күнге со­зыл­ған алқалы жиын академиктер Н.Базанова мен Ф.Мұхамед­ға­лиевтың 100 жылдық мерейтойлары құр­метіне арналды. Съезд жұмысына Ресей, Израиль, Моңғолия, Қырғызстаннан келген ғалымдар қатысты. Жиынның ашылу салтанатында Қазақ физиология қо­ғамы­ның төрағасы К.Тәшенов, ҚазҰАУ ректоры Т.Есполов сөз сөйлеп, Қазақ­стандағы физиология саласында ат­қарыл­ған жұмыстар мен бүгінгі ахуа­лы­на, қос ғалымның отандық ғылым­дағы алар орнына тоқталып, съезд жұ­мы­сына сәттілік тіледі. Алдымен Н.Ба­занованың Қазақстандағы физиология ғылымының негізін қалау мен дамытудағы рөлі жайында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Адам және жануарлар физиология институтының бас директоры Е.Ма­қашев мазмұнды баяндама жасады. Бұдан кейін атақты ака­демиктердің өмірі мен ғылым жолын­дағы еңбек­те­рін баяндайтын фильм көрсетіліп, әріптестері естеліктер айтты. Съездің екінші күні Израильден келген ғалым М.Даниленко, сол сияқты Санкт-Петербургтен келген ғалым Ю.Москаленко күн тәртібіндегі мәсе­лелер бойынша ой-толғамдарын ортаға салды. Одан кейін съезге қатысушылар 7 секция бойынша жұмыс жүргізіп, келесі күні пленарлық мәжілісте съезд жұмысы қортындыланды. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.