Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

Атыраулықтар репрессия құрбандарының рухына тағзым етті

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған Атырау жұртшылығы саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті.

Атыраулықтар репрессия құрбандарының рухына тағзым етті

Жеңіс саябағындағы репрессия құрбандарына арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды. Шараға облыстық ардагерлер кеңесі, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, өңірдегі мекеме, кәсіпорын ұжымдарымен бірге  саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары да қатысты.  

«Болашаққа бағдар беріп, қоғамның өркениет көшіне ілесіп, дамуына ықпал жасайтын көкірегі ояу, көзі ашық зиялыларды арамыздан алып кетіп, атып тастады, итжеккенге айдады. Жүз мыңдаған адам еліміздің жарқын болашағы жолында құрбан болды. Сол жылдары көптеген көрнекті қайраткерлер мен өзге ұлт өкілдері еріксіз Қазақстан жеріне ауып келді. Кеңпейіл халқымыз оларды түріне, дініне, тіліне қарамай, туысындай бауырына басты. Азаттық жолында құрбан болған арыстарды еске сақтай отырып, баршаңызды ел дамуына аянбай үлес қосуға шақырамын», деді аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы. 

Атырау облысында саяси қуғынның зардабын көрген 7 мыңнан астам адам тіркелген. Қазір мұнайлы өңірде жазықсыз жапа шеккен он адамның ұрпағы тұрады. Мемориалдық тақта алдындағы еске алу шарасына зұлмат жылдардан қиянат көрген үш азаматтың балалары мен немерелері келді.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»