Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Министр Сағадиев жалған дипломдар сату туралы сұраққа жауап берді

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада өткен есепті кездесуде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орнын тәмамдағаны туралы сатылатын жалған дипломдарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр Сағадиев жалған дипломдар сату туралы сұраққа жауап берді

Есептік кездесуде желіде түрлі сайттар бар екендігі, оларда аздаған ақшаға түпнұсқадан айырмашылығы жоқ кез келген қазақстандық дипломды сатып алуға болатындығы жарнамаланып жатқандығы, сондай-ақ министрлік аталған мәселені қалай ретейтіндігі сұралды. 

«Біріншіден, әрбір студент бізде есепте тұр. Атап айтқанда, студенттер мәліметтерінің бірыңғай базасы бізде түзілген. Осы ретте 100 пайыздық қадағалау бар. Сондықтан да тұпнұсқа диплом алған студентті анықтау қиын емес. Әрине, алаяқтықпен айналысатын сайттар болатыны анық, олар дипломнан бөлек жеке куәлік, жүргізуші куәлігін және басқа да құжаттарды даярлап беруге уәде беретіні белгілі» деп тоқталды Сағадиев.   

Осы орайда ол осындай жарнамалар мен ақпараттар пайда болған кезде министрлік құзырлы органдарға тиісті мәлімет беретінін атап өтті.

«Осындай ақпарат шыққан бетте біз Ішкі істер министрлігіне, ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлаймыз. Олар өз кезегінде аталған ұйымдарға қатысты тиісті іс-қимылдарын іске асырады» деді ведомство басшысы.