ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі қарсаңында Астана қаласының ІІД көші-қон қызметі басқармасының мамандары шетелдік азаматтардың құжаттарын тәулік бойғы тәртіпте тіркеуге алуда.
Визалық-көші қон порталы және е.gov.kz веб-порталы арқылы уақытша тіркеу бойынша мемлекеттік қызметке қол жеткізу үшін электронды кілт алу қажет. Шетелдік азамат қажетті мәліметтерді толтырған соң иммигрантты электронды үлгіде тіркеу туралы құжатқа қосымша парақ беріледі. Оны міндетті түрде басып шығару қажет.
Бұдан бөлек, басқа мемлекеттердің азаматтары уақытша тіркелу үшін Мәңгілік Ел даңғылы, 53, 9 корпус мекен-жайы бойынша ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің бірыңғай қызмет көрсету орталығына хабарласа алады. Мұнда полиция қызметкерлері құжатты рәсімдейді, ҚР визалық мерзімді ұзартады және иммигранттарды қабылдайтын заңды тұлғаларды шақырта алады.
Жыл басынан бері Астана қаласының ІІД көші-қон қызметінде 64 мың шетелдік азамат тіркелген. ТМД азаматтарының жеке тұлғаларда жұмыс істеуіне рұқсат беру бойынша 14 829 құжат берілді немесе уақыты ұзартылды. Еңбек мигранттарының салық төлемдерінің нәтижесінде қала бюджетіне 178 миллионға жуық теңге түсті. Ағымдағы жылы 623 шетелдік тұрғылықты мекен-жай бойынша құжат алса, 784 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды.
Қала әкімдігі шетелдік азаматтарды тіркеу үшін аудандық көші-қон қызметіне қосымша орындар қарастыру мәселесін шешті.