«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Сүйінбай Қазбаевтың жетекшілігіндегі Президенттік оркестрдің «Биг Бэнд» ансамблі Хабаровск жерінде алғаш рет өнер көрсетуде.
Ресейдің Қиыр Шығыстағы астанасының тұрғындары үшін қазақсандық әскери музыканттар арнайы бағдарлама дайындады. Ансамбль репертуарында әлемдік классикалық джаз әндерімен қатар, отандық композиторлардың шығармалары да бар. Соның ішінде әсіресе, Президенттік оркестрдің құрамындағы музыканттардың төл туындыларына баса назар аударылған.
«Биг Бэнд» музыкалық ұжымы Хабаровск тұрғындарын әлемдік джаз майталмандары Билли Стрейхордттың «Тake the A train», Фрэнк Синатраның «May Way» және Лара Фабианның «Je t’aime» әндерін солисттер Әлібек Ізбасаров пен Гүлсім Мырзабекованың өзіндік ерекше орындау мәнерлерімен таң қалдырды.
Президенттік оркестрдің бастығы, полковник Талғат Бердіғұловтың осы фестивальге арнайы жазған «Амур жағасында» деп аталатын композициясы залда отырған көрерменнің әр қайсысын тебіренткені анық. Сондай-ақ, көрерменнің ерекше ықыласына бөленген шығармалардың қатарында Президенттік оркестрдің солисі Олжас Сүлейменовтың авторлығымен әрі жеке домбырамен орындуындағы «Шығыс-Батыс» туындысы мен Жандос Мұхтаровтың «Ұлы дала» күйлері болды. Домбыраның үнімен шыққан ұлттық болмысымызды халықаралық конкурстардың лауреаты, биші Әсел Әлібекова ұлттық бимен әрлей түсті.
«Амур толқындары» атты VI халықаралық әскери-музыкалық фестивальге қатысушы өзге де шығармашылық ұжымдардан қазақстандық музыканттардың өнері жан-жақтылығымен, орындау мәнерлеріндегі жаңашылдықпен және кез-келген музыкалық аспапта шебер ойнауларымен ерекшеленіп тұрғаны ақиқат. Бұған дәлел, концерт барысындағы көрермен қауымның ыстық ықыластары мен музыканттарға білдірген жылы лебіздері.
Адрей Груднев, Шығыс әскери аймақ штабының әскери оркестрінің және «Боевое братство» эстрадалық-концерттік ансамблінің солисі: «Рухани тұрғыдан үлкен ляззат алдым. Ұжым жоғары профессионалдық деңгейде жұмыс істейді. Оркестр үні музыка тілімен айтқанда нәзік, әрі нақты, керемет үндестікте шығады. Әсіресе, вокалист солисттер Гүлсім Мырзабекова мен Әлібек Ізбасаровтың өнерлеріне риза болдым. Труба мен гитарада жеке партияны орындаған музыканттардың да өнеріне бас иемін. Жалпы, Хабаровск тұрғындары джазды өте жақсы көреді. Сондықтан, қазақстандық ұжым репертуар таңдауда еш жаңылмады деп айтуға толық негіз бар.»
Кимонко Надежда, Хабаровск аймағының мәдениет министрлігінің дәстүрлі мәдениет бөлімінің басшысы, фестиваль ұйымдастырушысы: « «Биг Бэнд» ұжымының арқасында біз Президенттік оркестрдің санқырлылығымен, репертуардың ауқымдылығымен таныстық. Біз үшін сіздер бүгін ұмытылуға жақын қалған әлемдік джаз классикасының туындыларын қайта жаңғыртып, қазақ халқының дәстүрлі музыкасын домбыра арқылы паш еттіңіздер. Олжас Сүлейменов домбырада шебер ойнауымен таң қалдырды. Халықтық ыстық ықылас білдіруіне қарағанда екі ел арасындағы мәдени байланыс нығайып, мәдени диалогтың сәтті шыққандығына көз жеткізуге болады. Әр музыкалық шығарманы көрермен ерекше ілтипаптпен жылы қабылдады. Оның дәлелі ретінде соңғы «Нұр Астана» әні орындалып жатқан сәтте олардың ұялы телефондарының жарықтарын қосуп, қолдау білдіргендерінен аңқаруға болады.».
Ирина, көрермен: «Маған, Хабаровск тұрғыны ретінде Қазақстаннан келген қонақтардың ерекше дайындықпен келгендігі үлкен әсер етті. Әсіресе, «Амур жағасындағы» әні өте қатты ұнады. Сондай-ақ, домбыраның үніне тебіреніп, қазақ халқының музыкалық дәстүрімен таныстық. Біз үшін қала күні мерекесіне өте керемет сыйлық жасағандарыңызға алғысымды білдіремін.»