Арнайы операциялар күштерінің басқару органдарын, құрамалары мен әскери бөлімдерін тексеру барысында әскерлерді басқару, байланыс күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігіне басты назар аударылды.
Комиссияның тексеру нәтижесі әскери бөлімдердің жасақталуы мен жабдықталуын, қару-жарақтың, әскери техника мен оқу-материалдық базаның арналым бойынша тапсырмаларды орындауға бағалауға толық көлемде мүмкіндік берді. Жазғы оқыту кезеңіне дайындық зерделеніп, әскерлердің жауынгерлік машығының тиімділігін арттыру жолдары белгіленді. Арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдері бейбіт және соғыс уақытында уақтылы қолдануға сақадай сай, ұдайы әзірлікте болатындарын айта кету қажет.
Жалпы алғанда, арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігі жоғары. Олар белгіленген талаптарға сай келеді.
Әскери ведомство басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған комиссия арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерін тексерді.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше