28 Қыркүйек, 2011

Қазақстан-Америка консультациялары жалғасады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаровтың және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейктің төрағалығымен 2010 жылдың наурыз айынан  бері іске қосылған жыл сайынғы Қазақстан-Америка консультациялар құрылымы аясындағы келісімдердің орындалу барысы жайында жоспарлы «сағат туралауы» өтті. Шара барысында қазақстан­дық және америкалық тараптар Қазақ­стан мен АҚШ арасындағы стра­те­гия­лық әріптестіктің негі­зін құрай­тын екіжақты консультациялар те­ті­гінің  негізгі бес ба­ғытта ширақ да­мып келе жатқанына тоқталды. Атап айтсақ, олар: жа­һандық және аумақтық қауіп­сіз­дік,  саяси мә­селелер, демократия мен адам құқықтары, экономика және әлеуметтік даму, энергетика. Сонымен бірге, Қ.Омаров пен Р.Блейк күн тәртібіндегі және БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сес­сиясы шеңберінде Президент Нұрсұлтан На­зарбаев пен Президент Барак Обаманың екіжақты консультациялар мәтініндегі қа­зір­гі заманғы жа­һан­дық мәселе­лер мен аумақтық қауіп­терді ше­шудегі жолдарының ұқ­састығын тағы да растағанын атап өтті. Қазақстан және Америка дипломаттары әңгіменің жалғасында келешекте жаппай қырып-жою қаруын таратпау және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақтық қауіпсіздік мәселелерін шешу, Ауғанстан мәселесі сияқ­ты жұмыстардың біріккен қа­дамдарын талқылады.