Жаңа редакция Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылдың 27 наурызындағы № 54 қаулысымен бекітілген, сондай-ақ 2017 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетін, Эмитенттер мен олардың, қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізімінің кейбір санаттарына қойылатын талаптарының жаңа редакциясына сәйкес әзірленді.
"Аталмыш қаулыға сәйкес көрсетілген күннен бастап Биржаның ресми тізімінің құрылымы үш сауда-саттық алаңына бөлінеді, олар – "Негізгі", "Баламалы" және "Аралас", сондай-ақ көрсетілген тізімге енгізу және осында болу үшін орнатылған листингілік талаптар да өзгереді", – деді KASE Басқармасы Төрайымының орынбасары Наталья Хорошевская.
KASE ресми тізімінің жаңа құрылымының негізіне кішігірім және орташа компаниялардың бағалы қағаздары үшін жеке сауда-саттық алаңын бөлу, сондай-ақ осы компаниялар үшін тек заңнамада белгіленген шектерде ғана ақпараттар ашу бойынша талаптар қоюдың халықаралық тәжірибесі алынған. KASE осындай компаниялар үшін қосымша біржолғы "кіру" (өтінішті қарау үшін және кіру алымдары) листингілік алымдардың мөлшерін азайтты.
KASE ресми тізімін үш сауда-саттық алаңына бөлу мынадай мақсаттарды көздейді:
1) инвесторлардың, эмитенттердің және басқа да мүдделі тұлғалардың барлық санаттары үшін ресми тізімнің айқынырақ, ыңғайлырақ әрі түсінікті құрылым жасау;
2) жаңа эмитенттер мен инвесторларды тарту бойынша тиімдірек стратегиясы;
3) әр сауда-саттық алаңы үшін, эмитенттердің әр нақты тобының мұқтажы мен мүмкіншілігіне және инвесторлардың кейбір топтарының мүддесіне бағытталатын, жаңа қаржы құралдарын әзірлеу және енгізу.
Осыған байланысты, Биржаның ресми тізімінде тұрған бағалы қағаздар, қаулымен және Листингілік ережелердің жаңа редакциясымен бекітілген талаптар үдесінен шыға отырып, жаңа санаттар және/немесе секторлар бойынша бөлінеді.
KASE ресми тізімінің жаңа құрылымына сәйкес бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің Листингілік талаптарға сәйкестігі келесідей.
"Негізгі" сауда-саттық алаңы:
1) сегіз эмитенттің 10 атаудағы акциялары "Акциялар" секторының "Премиум" санаты үшін белгіленген Листингілік талаптарға сай;
2) 52 эмитенттің 65 атаудағы акциялары "Акциялар" секторының "Стандарт" санаты үшін белгіленген Листингілік талаптарға сай;
3) 51 эмитенттің 242 атаудағы облигациялары "Борыштық бағалы қағаздар" секторының "Облигациялар" санаты үшін белгіленген Листингілік талаптарға сай;
4) үш эмитенттің үш атаудағы облигациялары "Борыштық бағалы қағаздар" секторының "Коммерциялық облигациялар" санаты үшін белгіленген Листингілік талаптарға сай.
"Баламалы" сауда-саттық алаңы:
1) 40 эмитенттің 43 атаудағы акциялары "Акциялар" секторы үшін белгіленген Листингілік талаптарға сай;
2) 15 эмитенттің 18 атаудағы акциялары "Борыштық бағалы қағаздар" секторының "Облигациялар" санаты үшін белгіленген Листингілік талаптарға сай.
"Аралас" сауда-саттық алаңы:
1) үш эмитенттің төрт атаудағы акциялары "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы үшін белгіленген Листингілік талаптарына сай;
2) бір эмитенттің алты атаудағы облигациялары "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы үшін белгіленген Листингілік талаптарына сай;
3) осы секторға 2017 жылдың 31 мамыры күнінің соңында Биржаның ресми тізімінде "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында тұрған барлық бағалы қағаздар ауыстырылады.
Айнаш Есали,
«Егемен Қазақстан».
Алматы