Аймақтар • 02 Маусым, 2017

Астанада салмағы 3,5 тоннадан жоғары жүк көлігінің қозғалысы шектеледі

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 маусымнан 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астамбарлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады , тек өндіріс аймақтарынан бөлек, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астанада салмағы 3,5 тоннадан жоғары жүк көлігінің қозғалысы шектеледі

Бұл шара ЭКСПО-2017 өту барысында Астананың көліктік желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың коммерциялық қызметін жүзеге асыру және қолайлы болу үшін сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жүк көліктеріне рұқсат етіледі.

Транзиттік жүк көліктеріне арналған шектеу қойылған аумаққа енбейтін айналма жолдар бар.