«2017 жылдың 1 сәуірінде жеке тұлғалармен жасалған 5 383000 банктік займ келісімшарттар болды. Олар бойынша қалдық борыш 3,7 трлн теңгеден асып жығылады. Оның ішінде 1,5 трлн теңгеден астам сомаға шамамен 338 мың келісімшартқа жылжымайтын мүлік түрінде кепіл қойылған», деді ол.
Оның айтуынша, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен 464521 банктік займ келісімшарты бар. Олардың қалдық борышы 442,7 млрд теңгені құрайды. Ал оның ішінде сомасы 224,5 млрд теңгені құрайтын 3319 банктік займ келісімшартына жылжымайтын мүлік кепілде тұр.
«Бұл ұлттық банктегі алдын ала мәліметтер», деп нақтылады Иман Әл-Кейси.