Аймақтар • 03 Маусым, 2017

Өскеменде 500 сарбаз сап түзеді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Өскемендегi "Даңқ" мемориалында ҚР мемлекеттік рәмiздерiнiң 25 жылдығына орай "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басшылығы мен әскери бөлімдерінің 500 сарбазының қатысуымен салтанатты шара өтті.

Өскеменде 500 сарбаз сап түзеді

Салтанатты шара 5518 әскери бөлімі оркестрінің "Сағадат" маршымен мемлекеттік рәмiздерді қарсы алуынан басталды.
"Мемлекеттік рәмiздердi құрметтеу - еліміздің барша азаматтарының парызы.  Мемлекеттік рәмiздер - мемлекетіміздiң басты құндылығы", - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина салтанатты шарада сөйлеген сөзінде.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ниязтай Әлкешов мұндай шаралар жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосатынын атап өтті. Шара соңында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы мемлекеттік рәмiздердiң алдында салтанатты шеру жасады.

Азамат ҚАСЫМ, 
"Егемен Қазақстан"

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15