Қаланы көгілдір отынмен қамту жайы туралы "Жетісу ОблГаз" мекемесінің директоры Владимир Тохтасунов баяндады. Оның айтуынша қалаішілік газбен жабдықтау желілерін тарту ісінде қазір 200-ден астам адам еңбек етуде. Алғашқы кезектің жұмысы қыркүйек айында аяқталса, жалпы қаланы толық газдандыру ісі 2018 жылы тәмамдалуы тиіс. А.Баталов бұл істі келесі жылы толық бітіру үшін жұмысшылар саны жеткіліксіз екенін, жұмыс кестесін әзірлеп, соған сәйкес жұмыс істеу қажеттігін қатаң тапсырды. "Талдықорғанды газдандыру - аймақ үшін аса маңызды жобалардың бірі. Сондықтан белгіленген межеге қол жеткізу үшін күн сайынғы атқарылған жұмыстарыңның есебі болуы керек. Оның бәрі жұмыс кестесінде айқын көрініп, сол кестеге сәйкес жұмыс жүргізілуі тиіс. Қажет болса жұмысшылар санын арттырыңдар", - деді өңір әкімі. Жалпы, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жетісу өндірістік филиалы қазір қаланың 25 көшесі мен "Қаратал" шағын ауданының абоненттерін көгілдір отынға қосу жұмыстарын бастады. Биылғы жылы облыстағы газбен қамтылған елді мекендер санын 123-ке, қамту көрсеткішін 26%-ке жеткізу жоспарланған.
Талдықорған қаласын аралау барысында облыс әкімі Амандық Баталов қалаішілік газдандыру ісіне қарқын қосуды тапсырып, бұл аса маңызды жобаның жүзеге асырылуын тікелей қадағалап отыратынын айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56
Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 11:36
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады
Заң • Бүгін, 11:14