Қазақстан • 05 Маусым, 2017

Байқоңыр коммерциялық пайдалануға беріледі

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Байқоңыр" ғарыш айлағының "Зенит" ғарыш зымыран кешенінің 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейге жалдау мерзімі аяқталып, Қазақстанға қайтарылады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.  

Байқоңыр коммерциялық пайдалануға беріледі

Министрліктің хабарлауынша, ғарыш зымыраны кешені базасында "Бәйтерек" атты жоба қолға алынады. Оны Қазақстан мен Ресей бірлесіп қолға алған. Жоба аясында "Байқоңыр" айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған ұйымдастыру-техникалық құрылым құру жоспарланған. 

"Бұл жоба Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін өте маңызды", - деп хабарлайды министрлік.