Аймақтар • 05 Маусым, 2017

ШҚО-ның білім басқармасына жаңа басшы келді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да өңірлік білім басқармасының басшысы ауысты. Бұл қызметке бұрын облыстық білім беру саласындағы бақылау департаментінің басшысы болған Нұргелді Әбжапаров тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

ШҚО-ның білім басқармасына жаңа басшы келді

ШҚО білім басқармасына жаңа басшы болып Нұргелді Әбжапаров тағайындалды. Ол 1980 жылы дүниеге келген. Білімі - «Халықаралық іс жүргізу» (2001 ж.), «Заңгер» (2006) MBA 2002-2003 жылдары ҚР ІӘ қатарында борышын өтеді.

Еңбек жолын 2003-2004 жылдары Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратында бастаған.

2004-2008 жылдары сот жүйесінде жұмыс істеді. 2008-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда, 2010-2011 жылдары прокуратура органдарында, 2011-2015 жылдары «Казатомпром» ҰАҚ АҚ басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2015 -2016 жылдары «Универсиада өткізу жөніндегі дирекция» МҚ директорының орынбасары болып қызмет етті. 2016-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы. Облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Айжан Садықова облыстық педагогтар кәсіподағына ауысты.