Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Қоғамдық комиссияның отырысы өтті

97 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2017 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

Қоғамдық комиссияның отырысы өтті

Отырысқа комиссия мү­ше­лері – республикалық бұқа­ра­лық ақпарат құралдары­ның, шығармашылық бірлес­тік­тердің, журналистердің қоғам­дық ұйымдарының және мүд­делі мемлекеттік органдар­дың өкіл­дері қатысты. Басқо­суда Мем­лекеттік хатшы Қазақ­стан­ның мемлекеттілігін нығайту­дағы бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның маңызды рөлін атап өтті. 

«Бүгінгі кездесуіміз қо­ғам өмірінің барлық саласын жаң­ғыртуға бағытталған институттық реформалардың тереңдей түскен жауапты кезеңінде өтіп отыр. Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық міндеттері отандық БАҚ-қа деген зор сұраныс тудырып, ерекше рөл атқаруды талап етеді. Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, жыл сайынғы ақпарат саласының үздіктерін белгілейміз. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президент сыйлығын беру, грантын тапсыру және Алғысын жариялау – баспасөз өкілдері асыға күтетін дәстүрлі іс-шарамыз. Елбасының журналистерге арналған сыйлығы мен гранты алғаш рет 1997 жылы берілді. Содан бері, міне, 21-рет өткізілгелі отыр», – деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы, сон­дай-ақ, ақпараттық қолдау мем­ле­кет­тік саясатты және ел ішін­дегі реформалар бағытын тиім­ді іске асырудың маңызды талаптары­ның бірі болып табылатынына тоқ­талды.

«Жаһандану процесі белең алған қазіргі заманда баспасөздің бәсекеге қабілетті болуы – маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына аса көңіл бөледі және арнайы қолдау білдіріп отырады. Осыған байланысты мемлекеттік сыйлық пен гранттар белгіленген. Биыл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласы жарияланды. Қоғамдық сананы дамыту мен рухани жаңғыруды іске асыруда БАҚ өкілдерінің де рөлі орасан зор», – деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы таяу күн­дері Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі өз жұмысын бастайтындығын, оның жұмысын көрсетуде, насихаттауда БАҚ өкілдерін үлкен жұмыс күтіп тұрғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, биылғы Қоғамдық комиссияның отырысында журналистік материалдар деңгейінің жоғары екені айтылып, Қазақстан дамуының маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін жария етудегі медиа қоғамдастығы өкілдері үлесінің зор екендігі назардан тыс қалмады.

Талқылау қорытындысы бо­йын­ша Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы, БАҚ са­ласындағы президенттік сыйлық­тарды тапсыру ережесіне сәйкес, БАҚ өкілдеріне екі сый­лық және екі грант бөлу, төрт шы­ғар­машылық ұжымға Президент Алғысын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным жасауға бірауыздан қаулы етті.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»