Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Қазақ баласы туралы хикая

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея павильонында көрсетіледі. Кеше Корея Республикасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі өз павильонын таныстырды. Қалашықтағы ең үлкен павильондардың бірін еншілеген олар «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» (Future Energy, Smart Life) деген тақырыпты ту еткен.

Қазақ баласы туралы хикая

1804 шары метр аумақты алып жатқан екі қабатты павильонның бірінші қабатындағы мультимедиялық технологиялар арқылы Оңтүстік Кореяның осы саладағы жетістіктерімен танысуға болады. Бұдан бөлек, авторлар Аслан есімді қазақ баласы туралы хикаяны дайындап қойған. Ол Теджон деген аралға аттанып, қурап бара жатқан ағаштарды құтқарады. Содан кейін Ара есімді қыздың көмегімен энергияның жаңа көзін табады.

Павильонның екінші қабатында осы елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік бар. Онда корей xалқының ұлт­тық тағамдарынан дәм татып, кәде­сыйларын сатып алуға болады. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея се­риал­дарының промо-көрсетілімі ұйым­дас­тырылады.

Айта кетерлігі, Корея Республикасы ЭКСПО көрмелеріне 1970 жылдан бері қатысып келеді екен. Бұл мемлекеттің Теджон мен Йосу қалаларында да аталған көрме ұйымдастырылған.

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»