29 Қыркүйек, 2011

Виза алу ресімі жеңілдейтін болды

402 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында еліміздегі Франция мен Швейцарияның Төтенше және өкілетті елшілері журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, онда қазақ­стандық ұлттық төлқұжат иелеріне 3 айдан аспайтын қысқа мерзімге виза беруде екі ел арасында келісім жасалғанын айтты. Осыған дейін дипломаттық және қызметтік төлқұжат иелері­нің Шенген визасын алуда жеңіл­діктері болып келсе, ал жалпы жұртқа, яғни ұлттық төлқұжат ие­леріне Франция мен Швей­ца­рия­ға баруда қиындықтар көп кезігетін. Мысалы, егер де алма­ты­лық азамат Швейцарияға барғы­сы келсе, онда ол виза алу үшін мін­детті түрде Астанаға келуі тиіс-тін. Ал еліміздің өзге өңір­ле­рі­нің азаматтары Францияға ба­ра­тын болса, онда виза алу үшін Алматыға арнайы жолға шы­ғатын. Енді Франция мен Швей­ца­рия­ның Қазақстандағы елшіліктері еліміздің ұлан-ғайыр аума­ғын ескеріп, азаматтар тұрғы­лық­ты орындарынан виза үшін өте ұзаққа жол тартпасын деп Ақмо­ла, Қарағанды, Шығыс Қазақ­стан, Павлодар, Солтүстік Қазақ­стан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қа­зақстан, Атырау және Маң­ғыс­тау облыстарының тұрғындары­ның виза алуға өтініштерін Астана қаласындағы Швейцария елшілігіне, ал Алматы, Жамбыл, Оң­түстік Қазақстан және Қызыл­орда облысының азаматтары Ал­маты қаласындағы Франция Бас консулдығына тапсыру мүмкінді­гін туғызған. Бұл келісім қазан айының 3-інен бастап күшіне енетін болды. Баспасөз мәслихатында Сырт­қы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің дирек­то­ры Рысқали Дәуренбек Қазақстан азаматтарының жыл өткен сайын шетелдерге шығу сапарларының көбеюіне байланысты виза алу мәселесі күрделі мәселеге айна­лып тұрғанын, ал бүгінгі екі ел­ші­ліктің арасындағы келісімнің нәтижесінде біздің азамат­та­ры­мыз­ға виза алуда жеңілдік жа­са­лып отырғанын атап көрсетті. Біз өз тарапымыздан осы қадам үшін алғысымызды айта келіп және бұл Еуроодаққа мүше елдер үшін үлгі болады деп сенеміз. Қазақ­стан Еуроодақпен тек дипло­ма­тия­лық немесе қызметтік төл­құ­жат иелеріне ғана емес, жалпы қазақстандық азаматтардың виза алуында жеңілдіктерге қол жетулері үшін ЕО-ға мүше елдермен келісімдердің жобаларын дайын­дауда. Ол Егер ол қолдау тапса, ел азаматтары үшін сапарларға шығу оңайлайды, деді Р.Дәу­ренбек. Швейцария конфедерация­сы­ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Стефан Нелле журналистерге Швейцария конфедерация болғандықтан, кей­бір ви­заларды беруді кан­тондардың (облыстардың) өзі шешетіндігін, емделуге, оқуға немесе халық­аралық конференцияларға қатысу үшін баруға алынатын визаларға өтініш беру тек Астанада ғана жү­зеге асатынын айтқан. Ал Франция елшісі Жан-Шарль Бер­тонэ біз әріптесіміз екеуміз виза беру ісіндегі қиындықтарды есеп­ке ала келіп, Париж бен Берн­ге ұсыныспен шыққан бола­тынбыз. Енді, міне, ұсыныстың құп алынуының нәтижесінде 3 қазаннан бастап Швейцарияның Астанадағы елшілігі республи­ка­ның солтүстік, шығыс және ба­ты­сының азаматтарына елордадан, ал оңтүстік тұрғындарына Алма­тыдағы бас консулдықтан виза бере бастайды, деді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.