«Сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың 10 қадамы» жобасы аясында құрылған қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындардың өтініш-тілектері мен арыз-шағымдарын толық қанағаттандырудың жолдарын жан-жақты қарастырып отыр.
«Биыл халыққа қызмет көрсету мамандандырылған орталығы адамдарға 21,5 мыңға жуық қызмет түрлерін көрсетті.
«Дегенмен де, «Азаматтарға арналған Үкімет» бағдарламасы «бір терезе» қағидатымен жұмыс атқарғанына қарамастан заң талаптарын бұзушылық оқиғалары кездеспей қалмайды. Осындай келеңсіз жайттарды болдырмау жолында омбудсмен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің маңызы зор» , дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің облыстағы департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»