ЭКСПО-2017 • 06 Маусым, 2017

Екібастұздықтар желаяқты «ЭКСПО-2017» көрмесіне шығарып салды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік көрмені қолдау мақсатында 25 мамыр күні Өскеменнен жаяу жүгіріп шыққан Ғалымжан Тоқтар 5 маусымда Екібастұзға аялдады.

Екібастұздықтар желаяқты «ЭКСПО-2017» көрмесіне шығарып салды

Қала әкімдігінің өкілдері марафоншымен кездесіп, аз-кем болсын сұхбаттасты. Қалалық спорт бөлімінің хабарынша, Ғалымжан тұрғындарды алдағы болатын туған күндерімен құттықтады. Марафоншы мың шақырым жолды осылай жаяу жүгіріп өтіп, 10 маусымда Астанаға жетпекші. Ғалымжан Тоқтар Өскемендегі «Халыққа қызмет көрсету орталығында» инспектор болып қызмет атқарады. Ол күнделікті өмірде де күніне 10 сағаттай жүгіреді.

Бір айта кетерлігі, Ғалымжанның әйелі Еркегүл Мұқият жолдасының соңынан көлікпен ілесіп, сапар барысын бейнерегистраторға түсіруде.

Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»