29 Қыркүйек, 2011

Қайсарлық қуаты

642 рет
көрсетілді
41 мин
оқу үшін
Биылғы жыл – тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы атап өтілетін ерекше жыл. Сондықтан, бұл – өткенді саралайтын, болашақты болжайтын, сенім мен мақсат­қа толы жауапты кезең. Осыған байланысты Парламент қабырғасында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы декла­­рациясы дайындалуда. Ауқымды істер мен қарбалас күн­дерге толы жиырма жыл біз үшін ма­ңызды тарихи оқиғаларға мол болды. Бұл мерзім елдік пен ерліктің, жаңа белестер биігін бағындырудың шежіресіне айналды. Елбасының дара сая­сатының арқасында өркендеу мен жаңару жолына түсіп, еңсеміз жылдан жылға биіктеп келеді. Біз адам құ­қықтары мен бостандықтары басты құндылық саналатын зайырлы, өрке­ниетті мемлекет құрдық. Халық мүд­десіне сай жаңа экономика, тың идея­ларға бай қоғам қалыптасты. Жоғалт­қанымызды жаңғыртып, көшіміз тү­зелді. Біз бұл жетістіктерге қалай келдік? Армандай болған асуларға қалай жеттік? Бұралаңы мол күрделі кезеңдер мен белестерден қалай өттік? «Та­рихты білмей, алға жүре алмайсың», дейді даналар. Сондықтан, бір мезгіл өткенге көз жіберіп, тарих сабағын еске ала отырып, болашаққа байыппен ұмтылған жөн. Тарихқа айналған 90-жылдардың басындағы оқиғаларды ешкім ұмыта қойған жоқ. Кеңес Одағындағы түбе­гейлі өзгерістердің нәтижесінде Одақ­тың өзінен бастап, республикалардың бәрінде президенттік басқару инсти­туты енгізіле бастады. Бұл компар­тияның үстемдіктен ығысып, мемлекетті басқарудың өркениетті үлгіле­рінің пайда бола бастауының көрінісі болатын. Қазақстан да бұл өзге­ріс­тер­ден сырт қалмады. Республика Жо­ғарғы Кеңесінде елдік, ұлттық, эконо­микалық, тіл мүддесі жиі көтерілді. 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Ке­ңес сессиясында республика Президенті институты құрылып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент болып сайланды. Бұл Қазақ елінің жаңа өмірінің басталуы болатын. Қоғам мен мемлекет өміріндегі демократия лебі маңызды өзгерістерге ұласты. Қазақстан тәуелсіз дамуға қа­рай алғашқы қадам жасап, 1990 жыл­ғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады, онда егемендік пен дербес мемлекет болудың негізгі қағида­лары белгіленді. Ал мазмұнды да ма­ңызды істерге толы тәуелсіздіктің тарихи жолы 1991 жылғы 16 желтоқ­сан­да Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республика­сы­ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдауынан басталды. Бұл бір тарих парағы аударылған сәттегі, елең-алаң секілді жағдай бо­ла­­­тын. Тәуелсіздікке қол жеткенімен, сырттан жұдырық түйгендер де жетіп артылатын. «Бұлар қайтер екен?» деп, кекесінмен қарайтындар да қалыпты бола бастады. Оларға рухы биік халық пен батыл да қайсар басшымен ғана жауап бере алатын едік. Біздің бағы­мызға қарай, бізде осы екеуі де болды! Сырттағы көре алмаушылардан бас­қа, өз арамызда да демократияның арынын тоқтата алмай, ел тыныш­ты­ғын бұзуға тырысқандар кездесіп жат­ты. Мемлекет құрудағы біреу түсініп, біреу түсінбеген жауапты да маңызды істер бірте-бірте атқарылды. Уақыт­тың тығыздығы, президенттік міндет­тің бастан асып жатқанына қарамас­тан, халықтың әл-ауқатын жақсарта­тын заңдарды талқылағанда Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаев күні бойы Жоғарғы Кеңес отырыстарына қаты­сып, өз пікірлерін жеткізіп отыратын. Ашық пікірсайыстарға ұласқан заң жобаларында жаңа ережелерді енгізу оңай болған жоқ. Бұл бұрынғы қағи­далар мен жаңаша ойлаудың әсері, шынын айтқанда, ескі мен жаңаның айтысы болатын. Жоғарғы Кеңес кейбір министрлерді бірнеше қайтара бекітпей, әуреге салатын кездер орын алды. Президент еліміздің стратегиялық бағыт-бағдарын ілгерілете отырып, республиканың егемен мемлекет ретіндегі құрылысындағы барлық міндеттерді бірте-бірте жүзеге асырды. 1992 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының 46-сессиясында Қазақ­стан дүниежүзілік беделді ұйымның мүшелігіне бірауыздан қабылданды. Біз қоғам өміріндегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімге қол жеткізу арқылы мемлекет құрылысын нығайта түстік. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­ры ешкімге оңай болған жоқ. 1991-1993 жылдары ақша құнсызданып, инфляция деңгейі 3000 пайызға дейін жетті, халық тауар мен тауарды «бартерге» айырбастауға көшіп, еңбек ұжымдары өндіріс көлемін қысқарт­ты, жұмыссыздық көбейді. Н.Назарбаевтың батыл шешім қа­былдауының арқасында 1993 жылы еліміздің ұлттық валютасы айналымға енгізілді, бұл тәуелсіздіктің бір айқын белгісі болды. 1993 жылы қабыл­данған Конституция Қазақстанның әрі қарай дамуына толық мүмкіндік аша алмағанын да айта кеткен жөн. Қоғам дамуы бізге жаңа заңдардың қажет екенін айғақтап отырды. Сөйтіп, 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылда­рында қол жеткен нәтижелер мемлекеттік жоспарлаудың жаңа деңгейіне шығуға алғышарттар жасады, стра­тегиялық сипаттағы міндеттерді бағ­­дарлауға мүмкіндік берді. Асулары мол 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен әзірленген еліміздің 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары дүниеге келді. Бұл құжатта еліміздің даму бағыт­тары дәл белгіленіп, қолда бар ресурстар әр сала бойынша шоғырлан­ды­рылды. Жаһандық дамудың бүгінгі күрделі қиылыстарында Стратегия біз­дің негізгі бағдарымыз болды және болып келеді. Әрине, бұл ма­ңызды құжатқа әлемдік қоғамдастық­тың бәрі бірдей оң қабақ таныта қой­мағанын айта кеткен жөн. Кейбір көр­ші мемлекет басшылары: «Мына қа­зақтарға не жоқ, ел бір жылда не бо­ларын білмей жатқанда, бұлар қы­рық жылдық жоспар жасап жатыр», деп қызғанып та, мысқылдап та әр­түрлі пікірлерін айтып жүрді. Алайда, бұл біздің өзіміз үшін, болашақ ұрпақ үшін әзірленген тәуелсіз елдің келешектегі даму жолы екенін уақыт дәлелдеді. Буыны бекіп келе жатқан біздің мемлекетімізге әлемдік қаржы дағда­рыстарына, сондай-ақ сыртқы эконо­ми­калық теріс ықпалдарға қарсы тұра алатындай жағдайды қалыптастыруы қажет екені де айқындалды. Елбасы­ның бастамасы бойынша Ұлттық қор құрылып, шикізатты экспорттаудан түскен қомақты қаржы дағдарыстың алдын алу үшін жинақталатын болды. Барша жұртшылық оның пайдасына кейіннен көз жеткізді. 1998 жылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі дағдарыстан кейін білікті мамандар Қазақстан экономикалық тұ­­рақтылыққа тек 2004 жылы қол жет­кізеді деген болжам жасаған бо­латын. Президент тапсырмасы бойын­ша жедел қолға алынған іс-шара­лар­дың нәтижесінде ел экономикасы 2000 жылы тұрақтылықты қамтама­сыз етіп, 2001 жылдан бастап ІЖӨ өсімі жыл сайын 8-10 пайызға өсіп отырды. Экономикалық өркендеумен бірге мемлекет іргесін бекемдеу үдерістері жалғасын тауып жатты. Халқымыз­дың қалыптасқаннан бергі тарихында алғаш рет Қазақстан көрші елдермен мемлекеттік шекарасын ресми түрде нақтылады. Бұрынғы кеңестік республикалар шегінде шекаралардың бұл­жымастығын тану туралы 1991 жыл­ғы 21 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Алматы декларациясымен еліміздің аумақтық тұтастығы бекітілді. Кейінірек Қытай Халық Республикасымен шекаралық мәселелердегі өзекті проблемаларды шешу жұмыстары қолға алынып, Қыр­ғызстанмен, Ресеймен, Өзбек­стан­­­мен және Түркіменстанмен мемлекеттік шекара сызықтары белгіленді және шекара белгілері салынды. Кейде бір адамның шешімі тұтас елдің өміріне әсер ететін кездері бо­лады. Геостратегиялық жағдайлар мен замана ақиқаты еліміздің геосаяси кеңістігін қалыптастыру үдерісінде тың шешім қабылдауға мәжбүр етті. Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рында Қазақстанның жаңа саяси әкімшілік орталығын белгілеу туралы ұсынысын жария еткенде оның орын­дала қоятынына сенім білдіргендер аз болғанын жасырудың қажеті болмас. 1997 жылы желтоқсанда барлық мемлекеттік органдармен бірге Парламент те Ақмолаға көшіп келді. Ол кезде Ақмола облыс орталығы болғаны­мен, инфрақұрылымы дами қоймаған шағын ғана қала еді. Тіпті, халыққа қызмет көрсету орындары жоқтың қа­сы, барының сапасы сын көтер­мейтін. Елбасының «Астананың гүлденуі – Қа­зақстанның гүлденуі» атты шын­айы тұ­жырымдамасын іске асыру нә­тиже­сінде аталған берекелі бастама­ның тек елорданың ғана емес, соны­мен қатар, кең байтақ Қазақстанның барлық өңірлерінің дамуына тың серпін бергенін атап өткен жөн. Аз ғана уақыт ішінде – Есіл жа­ғасында әсем де сәулетті Астана қала­сы жылдам бой көтерді. Мемлекет орталығының қайта түлеуі – қауырт өсу үстіндегі ел қуатының, оның жо­ғары даму әлеуетінің бейнесі іспетті. ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болған Астана біздің еліміздің тұтастығы мен тұрақ­тылығының, халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің символына айналды. Жаһандық өзгерістер аясында шын мәнінде еуразиялық сипатымен ерекшеленген бұл қала соңғы күндері ТМД мен ЕурАзЭҚ елдеріндегі «Үз­дік қала» атанды. Сөйтіп, Қазақстан елордасы әлемдегі жедел қарқынмен өсіп келе жатқан қалалардың біріне айналды. Бұл Мемлекет басшысының елді көркейту және нығайту жолында тынымсыз ізденістері мен батыл ойларының жемісі, қайсар да жігерлі шешімінің көрінісі болды. Басты стратегиялық басымдық ретінде Қазақстанда тұрлаулы экономи­калық өсу қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуды көздейтін бағдарлама ұсын­ды. 30 корпоративтік көшбасшы кә­сіп­орындар алға шықты, «Жол кар­тасы» бағдарламасы іске асырылып, елді мекендерде 100 мектеп және 100 аурухана құрылыстары қарқын алды. Құрылысы енді басталған «Батыс Қы­тай – Батыс Еуропа» құрлықаралық көлік дәлізі еліміздің аумағынан өте­тін жүк тасымалы көлемін ұлғайтумен бірге, шағын және орта бизнестің көптеген түрлерінің дамуына серпін беретін болады. Бүкіл әлемді жайла­ған қаржы-экономикалық дағдарысқа қарсы кешенді шаралар атқарылды. Қазақстан Президентінің жария еткен халықаралық бастамалары іске аса бастады. Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақы­ру туралы бастамасын жария етіп, оны іске асырды. Он жылдан кейін Алматыда құрамында әлем халқының жартысына жуығы топтасқан Азия­да­ғы өзара іс-қимыл және сенім ша­ралары жөніндегі кеңестің саммиті болып, осы үдерістерді институттан­дыру туралы маңызды құжаттар қа­былданды. Қазақстан басшысының бұрынғы кеңестік кеңістіктегі интеграциялық идеялары да жүзеге асты. 2000 жылы Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды, он жылдан кейін Қазақстан-Ресей-Беларусь Кеден одағы дүниеге келді. 2006 жылы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Анталиядағы 8-ші басқосуында Нұрсұлтан Назарбаев тү­бі бір, діні бір түркі халықтарының мыз­ғымас достастығының арқауы ретінде тарихи-мәдени байланыстарды нығайтатын, азаматтардың еркін жү­ріп-тұруын қамтамасыз ететін шаралар қолдану қажеттігін айта келіп, Түр­кітілдес елдердің Парламенттік Ассам­блеясын, Ақсақалдар кеңесін құру туралы ұсынысын жария етті. Бұл ұсыныстар 2008 жылы ресми бекітілді. Президент Н.Назарбаевтың әлем­дік деңгейдегі көрнекті саясаткер ретіндегі жоғары халықаралық беделі мен мәртебесін нақтылайтын тарихи оқиға – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­мына төрағалық етуі болып табылады. Астанада былтыр ЕҚЫҰ Саммитінің өтуі Қазақстан тарихындағы ерекше маңызды оқиға болды. Әлемдік дең­гейде танымал мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды адамдар қазақ жерінде еліміз тарихында алғаш рет бас қосты. Биыл біздің мемлекетіміз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық міндетін табысты аяқтады, ал шілде айынан бастап Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы міндетін атқаруға кірісті. Ислам Конференциясы Ұйы­мы Сыртқы істер министрлерінің ке­ңесіне Қазақстан төрағалығы кезінде ұйым мәртебесінің өзгеріп, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына айналға­ны қуанышты оқиғалар аясын кеңейте түседі. Сондай-ақ ШЫҰ-ның Аста­надағы мерейтойлық 10-шы саммиті әлемнің саяси күнтізбесінде ерекше оқиға болды. Қазақстан халықаралық басқосу­лар­дың алаңына айналды. Біздің елімізде ЕҚЫҰ-ның 2003 жылы және 2010 жылы Трансазиялық парламенттік форумы, ал 2008 жылы ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының жылдағы кезекті ХVІІ сессиясы өтіп, Еуразия құрлығының парламентшілері әлемді толғандырған мәселелерді қазақ жерінде талқыға салды. Елбасы Н.Назарбаевтың конфес­сия­аралық келісім мен бейбітшілік ту­ралы идеясы да өз жемісін берді. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үш съезі өтті. Еліміз ізгілік пен мейірімді ілгерілететін үнқа­тысулар алаңына айналды. Егер 2003 жылғы қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезіне Еуропа, Азия, Африка құр­лықтарының 13 елінен діни басшылар келсе, 2009 жылғы шілдеде өткен ІІІ съезге әлемнің 35 елінен 77 діни басшылар, 300-ге жуық беделді саяси тұлғалар, мемлекет және үкімет бас­шылары, халықаралық ұйымдар жетекшілері қатысты. Ал ІІ съезд жұ­мысы барысында «2010 жылды – Мәдениеттердің жақындасуының ха­лық­аралық жылы» деп атау жөнінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев көтерген бастаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қолдап, арнайы қарар (17.12.2007 ж. №62/90) қабылдады. Мұның бәрі дәстүрге ай­налған осы съездің мәртебесін одан әрі жоғарылатты. Ал биылғы мамыр айының ба­сын­да «Жаңа онжылдық: болашақтар мен талаптар» деген тақырыпта өткен ІV Астана экономикалық форумына төрт­күл дүниенің төрт бұрышынан жинал­ған, әлемнің 80 елінен экономиканың «жілігін шағып, майын жеген» 3 мыңнан астам кәсіби мамандар, Нобель сыйлығының 6 лауреаты қатыс­ты. Бұл – форумның ең беделді сараптау-талдау алаңдарының қатарына енуі­нің айқын дәлелі. Жыл өткен сай­ын форумның интеллектуалдық күші арта түсіп, онда халықаралық қауым­дастықта орын алатын әртүрлі жағ­дай­ларға байланысты іс-қимылдар жү­й­есі пысықталды, дағдарыстан шы­ғуға біріктіретін іс-әрекеттер талқыла­нып тұрады. Биылғы Астана форумында Нұр­сұлтан Әбішұлы «Жалпы әлемдік саясат үш маңызды мәселеге ерекше назар аударылуы қажет», деді. Олар, бірінші – макроэкономикалық басқару­дың үйлестірілген жүйесін жасақтау, екінші – шикізаттан қаржы секторына дейінгі рыноктарды жаһандық тұр­ғыдан реттеу, үшінші – тиімді валюта-қаржы жүйесін негізге алу. Осындай ұсыныстарды білдіре отырып, Ел­ба­сы: «Халықаралық үйлестірулерді ны­ғайту үшін барлық елдер бірігіп, жа­һандық реттеу туралы пакт қабыл­даған орынды болады», деді. Бұл ұсынысты ІV Астана экономикалық фо­румының квинтэссенциясы деп са­наймын. Қазақстан тек саясат пен эконо­ми­калық мүдделер тоқайласатын тұс емес, ғылыми орталық болуға да ұм­тылуда. Біздің еліміз адам капиталын тиімді пайдаланатын өркениетті ел­дер­дің қатарына қосылу үшін ма­ңызды қадамдар жасап келеді. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жы­ғады» дейді халық даналығы. Дүние­жүзілік банктің соңғы кездегі деректерінде дамыған елдердің ұлттық ба­й­лығының 10 пайызы табиғи ресурстардан, 20 пайызы нақты өндірілген капиталдан, ал 70 пайызы білім және оны ұтымды да нәтижелі пайдаланудан тұратыны айтылды. Демек, білімсіз адам қолдағы барды да ұқсата алмайтыны анық. Сондықтан жас ұрпақ білімге ұмтылуы керек-ақ. Бұл салада еліміз білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ғылым сала­сын­дағы жаңа заңды қабылдады. Ел­басының биылғы халыққа Жолдау­ында жоғары оқу орындарының инно­вациялық қызметке көшу тетігін қа­лыптастыру, білім берудің сапасын арт­тыру, білім беруге қолдау көрсе­тудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізуге тапсырма берілді. Білім беру саласындағы оң өзге­рістер ауыз толтырып айтуға лайық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын­дағы көптеген қиындықтарға қарамас­тан Елбасының шешімімен талантты Қазақстан жастары 1994 жылдан бастап жыл сайын «Болашақ» бағдар­ла­масы бойынша шет елдердің жоғары оқу орындарында білім алуда. Өткен жылы елордада мектеп оқушылары арасында математика пәнінен дүние­жүзілік олимпиада өтіп, оған әлемнің 98 елінің өкілдері қатысты. Сол сай­ыста біздің үздіктеріміз 3 алтын, 2 күміс медальді жеңіп алып, Қытай, Ресей, АҚШ, Кореядан кейінгі бесінші орынды иеленгені тәуелсіз Қазақ­стан болашағының жарқын екенінің айқын айғағы емес пе?! Білім беру мен ағарту ісі біздің еліміздің даму мақсаттарының негізі болып табылатынын тәуелсіздік жыл­дарындағы білімге деген шынайы көз­қарас дәлелдеп отыр. Атап айтқанда, елімізде инновациялық ғылыми білім кешенін қалыптастыруды ұйымдас­ты­ру кезеңі межеге жетті. Парламент ерекше мәртебесін ескере отырып «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» туралы заң қабылдады. Осы заң негізінде Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы­на сай елімізде жиырма «Назарбаев зияткерлік мектептері» құрылысы жоспар­лан­ды және олардың бірқатары пайдала­нуға берілді. Мұндағы басты мақсат – білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, жаңа білім беру стандарттарын енгізу. Дербестігі мен академиялық еркіндік дәрежесі кең, қамқоршылық ке­ңес­тер арқылы басқару жүйесі, студенттерді қабылдаудың дербес қағи­да­лары, қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын енгізу және оларды әлемнің жетекші жоғары оқу орын­дарының қатарындағы шетелдік серіктестерімен бірлесіп енгізу мақсатында өткен жылы «Назарбаев университеті» өз жұмысын бастады. Бұл жоғары оқу орны қазіргі заманға сай өрлеудің үш ең қуатты күштері – білім, ғылым және инновацияны біріктіретін, зерттеу университеті үлгісінде жаңа тұр­паттағы жүйемен білім береді. «Назарбаев университеті» болашақта тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Еуразия аймағында жоғары оқу орын­дарының флагманы, эталоны болары сөзсіз. Оған негіз – «Назарбаев университеті» студенттерге дәріс беру үшін дүние жүзінің белді жоғары оқу ор­ындарының әлемдік дәрежеде беделге ие зерттеушілері мен профессорларын ұстаздық қызметке тартуы, келешекте университетке зияткерлік мектептерді бітіруші түлектерді, басқа да дарынды жастарды қабылдау. Сайып келгенде, зияткерлік экономикаға қажет жоғары технологиялар, ғылыми жетістіктерге негізделген өндірістер, жаңа материалдар саласында білікті мамандар дай­­ындау, сөйтіп, жаһандық бәсеке­лес­­тік­те лайықты орынға ие болу уни­вер­си­теттің басты мақсаттарының бірі болып саналады. Бұл ретте білім беру ісіндегі оң өзгерістерге қолданылған Сингапур үлгісінің пайдалы жақтары болғаны даусыз. «Әлемде жаңа ештеңе жоқ, жаңарып қайта оралған көнелер ғана бар» деген орыс нақылы осындайда еске түседі. Дүние жүзіндегі әр сала бойынша дамудың озық үлгілерінің жақсы жақтарын пайдаланып, өзімізге лайықтап пайдалану бізге тек қана табыс әкелетін болады. Еліміздің та­бысты өркендеу жолы әлем қоғам­дас­тығында «Қазақстан жолы» деген атау­мен танылды. Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту жөнінде де ауқымды шаралар қабылданды. Таяуда Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға ар­нал­ған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Адам денсаулығын жақсартуды көздейтін бұл бағдарламаны іске асыруға рес­публикалық бюджеттен 445 миллиард 66 миллион теңге қарастырылып отыр. Бағдарлама аясында ауқымды шаралар атқарылады, алыс елді мекендерде емханалар ашылып, сани­тар­лық авиацияға тікұшақтар сатып алынатын болады, сондай-ақ респуб­ликалық маңызы бар жолдардың бой­ында дәрігерлік-құтқару пункттері орналасады. Шағын және орта бизнесті дамыту басым бағыттардың біріне айналды. Әлемде экономикасы дамыған елдерде шағын және орта бизнес салық тү­сімдері бойынша алғашқы орын алып, мемлекет бюджетін молайтудағы бас­ты субъектілер болып табылады. Олар­ды қайта-қайта тексеруге мораторий жарияланып, жұмыстарына кедергі келтірмеу амалдары қарасты­рыл­ды. Президент таяуда Парламент­тің кезекті сессиясын ашу кезінде сөй­леген сөзінде жұмысын енді бас­та­ған шағын және орта бизнес өкіл­дерін мемлекеттік органдардың тексеруіне 3 жылға дейін тыйым салатын шараға құқықтық негіз қалып­тас­ты­руды тапсырды. Жалпы алғанда, Елбасының бизнес өкілдеріне тұрақты қамқорлығын ерекше айтып өткен жөн. Тәуелсіз­діктің алғашқы жылдарында әлемдік нарықтың ауқымын көрсін, таныс­сын, үйренсін, тәжірибе алсын деген ниетпен бизнестегі бірқатар жастар­ды өз ұшағына отырғызып, шетелдік сапарларға әрдайым алып шыққанын бүгінде біреу біліп, біреу білмес. Президентпен бірге сапарға шығу жас бизнесмендерге серпін берді, ертеңгі күнге деген сенімін оятты. Сол жа­с­тар­дың басым көпшілігі қазіргі уа­қытта еліміздің экономикалық дамуы­на өз үлестерін қосып келеді. Өкі­нішке қарай, олардың арасында сенімді ақтамағандары да жоқ емес. Олардың бағасын да, жазасын да беру – уақыт еншісінде. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ядролық қарусызданудағы алғашқы қадамды жасады. Мемлекет басшысы бірінші болып өзінің жарлығымен Семейдегі ядролық полигонды жауып, сол арқылы халықаралық қоғам­дас­тықты ядролық қарусыздануға ша­қыр­ды. Біздің еліміз Ядролық қаруды таратпау жөніндегі және Ядролық қаруды сынауға жан-жақты тыйым салу туралы шарттарға қосылды. Дүние жүзіне қауіп төндіретін яд­ро­лық қарудан бас тартып, жаһандық бейбітшілік пен тыныштықты сақтау­ға қомақты үлес қосу біздің елімізге де, Елбасымызға да зор бедел әкелді. Бейбітшіл қадамдары арқасында Қа­зақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қа­уіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылатын барлық мемлекеттер тарапынан өз қауіпсіздігіне берік кепілдік алды. Ядролық қарусыздану үрдісін ілгерілете отырып, Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықпен ынты­мақтасуға және оны дамытуға, әлем­дік тәртіптің тағдыры үшін алаң­дайтын бейбітшіл мемлекет ретінде танылды. Әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қа­зақ­стан ядролық қаруды таратпау, ядро­лық қарусыздану және атом энер­гиясын бейбіт мақсатта пайдалану, осы бағыттағы халықаралық қоғам­дастыққа сенімді әріптес болу, басқа да бүгінгі күннің көптеген өткір мә­селелерін ертеңнің еншісіне қалды­руға болмайтыны Президент баста­ма­ларында ұдайы көрініс табуда. Біздің еліміз үнемі ядролық державаларды қаруды таратпау мен қарусыздануда басқа мемлекеттерге үлгі болуға ша­қырып келеді. Сөйтіп, ядролық қару­сыз әлемнің жалпыға ортақ деклара­циясын қабылдау туралы мәселеге бір табан жақындата түсті. Ядролық қарусыздану туралы Президенттің бастамалары мен тарихи шешімдері дүние жүзіндегі беделді халықаралық ұйымдар тарапынан да қолдау тауып келеді. Өткен жылы Қазақстанға сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан Президентінің ядролық қарудан бас тарту, Семей полигонын жабу және бүкіл ядролық инфрақұрылымды ел аумағынан шы­ғару жөніндегі тарихи және батыл шешімін жоғары бағалайтынын атап өтіп, Ұлт көшбасшысына шынайы құр­мет білдірді. Жоғары мәртебелі мей­ман Қазақстан басшысының көре­ген саясаты болмаса осы өңірдегі ха­лық әлі де ядролық сынақтардан зардап шеге беруі мүмкін еді деген ой­ларын жеткізді. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі алдағы жаһандық саммитке Қазақстан мен АҚШ басшыларының қатысуы бүкіл әлемдегі ядролық қа­уіпті азайту ісіне елеулі үлес болаты­нын айтқан ол Қазақстан Президентіне әлемдік ядролық қарусыздану қоз­ғалысын басқаруды ұсынды. Қазақ­станның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­блея­сының 29 тамызды Ядролық сынақ­тарға қарсы іс-қимылдың халықара­лық күні ретінде жариялау туралы қарар қабылдауы Елбасының ядро­лық қарусыздану туралы бейбітшіл идеяларының халықаралық қоғамдас­тық­та жоғары бағалануының көрінісі болды. Өткен жылдың сәуір айында Америка Құрама Штаттарында өткен жо­ғарыда аталған саммитте АҚШ Президенті Барак Обама, басқа да мемлекет басшылары Қазақстанның адам­зат­қа қарсы қаруды таратпауды көз­дей­тін тарихи шешіміне байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа зор құрмет көрсетті, мүдделестер ретінде Қазақ­стан Президентіне ресми шара кезінде бірінші қатардың қақ ортасынан орын ұсынылуы қазақстандық бейбітшіл саясатты әлемге әйгіледі, кімнің кім екенін дүние жүзіне танытты. Бұл Отанын сүйетін, патриоттық сезім иесі, тәуелсіз елінің өсіп-өркендеп, әлем­­дік қоғамдастықта лайықты ор­ын алуына бар ынта-жігерімен аянбай қызмет ететін әрбір көкірегі ояу, жү­регі таза қазақстандықтардың мақ­тан тұтар шағы болғаны ақиқат. Қазіргі кезде қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын шетелдіктер де жақсы біледі. Кезекті демалыстарын шетелдерде өткізген отандастарымыз тоқтаған мейманханалардың дәреже­сіне қарап, біздің азаматтарымыздың Қазақстаннан екенін айтпай-ақ ай­қын­дайды екен. Олар көрші елдерге қарағанда, қазақстандықтардың әл-ауқаты едәуір жақсы екені, тұтас Қазақстанның даму қарқыны жоғары екені бірден белгілі болатынын айта жүреді. Өткен жылдардың бірінде Мекси­каға барған сапарымдағы танысу ба­рысында Қазақстаннан екенімді айт­қанда, олар: «О-о, Қазақстан! Назарбаев!», деп ризашылықпен амандас­қаны еліміздің де, Елбасының да ата­ғы мұхит асып кеткенін, беделі биік, мәртебесі жоғары екенін айғақтады. Елбасының бүгінгі заманда ат­қар­ған ұлан-ғайыр істері тарихи оқи­ғалар тізбегін құрайды және оның бәрін бір мақаламен жеткізу мүмкін емес. Баяғыда Балтық теңізінің жаға­лауындағы батпақты құрғата отырып, Санкт-Петербург қаласын тұрғызған Петр І Еуропаға есік ашқан болатын. Біз де сол секілді тек Еуропаға ғана емес, Азия мен Америкаға да есік ашып отырмыз. Егер бұл ашылған есік жабылса, біздің мұнайымыз бен басқа минералды ресурстарымыз түк­ке тұрмас еді. Себебі, ел игілігіне жарамаған байлықтың құны да жоқ. Сондықтан, Н.Назарбаев тәуелсіз­дік­тің алғашқы жылдарында тұралап қал­ған экономикаға дем беріп, өзі­мізде жоқ қаражатты сырттан әкелу үшін елімізде шетелдік компания­лар­ға қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыра отырып, олардың ин­вестициясының қорғалуын қамта­ма­сыз етуді қадағалады. Елбасының сө­зіне сенім артқан әлемдік деңгейдегі «Шеврон», «Эксин-Мобиль», «Шелл», «Аджип», «Самсунг», «Аксель», «Жей­­лан» секілді ондаған компаниялар Қазақстан өндірісіне инвестиция салып, экономиканы дамытуға атса­лыс­ты. Соның нәтижесінде, өткен жыл­дарда еліміздің экономикасына 130 миллиард АҚШ доллары көле­мін­де тікелей инвестиция тартылды. Заман зымырап дамып, көш ілгері кетіп барады. Халқымыз Қазақ­стан-2030 стратегиясының алғашқы он жылдықта белгіленген тапсыр­ма­ны ойдағыдай орындады. Ендігі біз­дің мақсатымыз – Елбасының Жарлы­ғымен бекітілген Қазақстан Респуб­ликасының 2020 жылға дейінгі стра­тегиялық даму жоспарын абыроймен орындау. Қазіргі кезде мемлекетіміздің өр­кендеуі бірнеше бағыт бойынша белгіленді. Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында біздің бағдарламаларымыздың басты мақ­­са­ты халықтың әл-ауқатын ны­ғайту екені атап өтілді. Жеделдетілген эко­но­ми­калық жаңғырту Үдемелі инно­вациялық индустрияландыру бағдар­ла­масының жалғасы болып табы­ла­ды. Еліміздің индустрияландыру жә­не экономиканы технологиялық тұр­ғы­дан дамыту жөніндегі жоспар­лары айқындалды. Қазақстанда әлеу­меттік жаңғыртуды көздейтін жаңа әлеу­меттік саясат жүзеге аса бастады. Бүкіл халқымыз үшін аса маңызды шаралар – білім беру, денсаулық сақ­тау және тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бекітілді. Он­ың ішінде жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы, тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылығын жаңғырту, сапа­лы ауыз сумен қамтамасыз ету ту­ралы тапсырма алға қойылды. Қа­зақстан тәу­елсіздік алған кезден бастап тең­герімді сыртқы саясат жүр­гізуде. Біз жаһандық проблемаларды шешуде көп­жақтылық ұстанымын және мем­лекеттердің ұжымдық жа­уапкершілік қағидатын нығайтуды қолдаймыз. Біздің алдымызда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Жал­пыұ­лт­тық іс-шаралар бағдарламасын то­лы­ғымен орындап, осынау айтулы ме­рей­тойды абыроймен өткізу міндеті тұр. Қазіргі кезде Парламентте Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің баста­ма­сымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы дек­ларациясы әзірленуде. Ол туралы палата басшысы: «Замандастарымыз бен келешек ұрпаққа арналған бұл саяси-құқықтық салтанатты құжатта біздің мемлекетіміздің одан әрі өр­кендеуі үшін берік негіз болатын Қа­зақстанның басты жетістіктері көрсе­тілетін болады», деген еді. Төртінші сайланған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында Пре­­­зидент Нұрсұлтан Назарбаев жо­ғары өкілді орган басшысы мен де­путаттардың декларация қабылдау туралы бастамасына қолдау білдіргені белгілі. Мемлекет басшысы: «Дек­ларация біздің қоғамымызды біріктіретін жаңа маңызды құжат болаты­нына сенемін», деді. Палаталардың бірлескен отыры­сын­да Президент бұл сессияның қас­терлі Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейлі тойына орайлас келіп отыр­ға­нын атап өтті. Біздің барлық жетістіктеріміз еңбектенуді көп қажет ететін заң шығарушылық жұмысынсыз мүм­кін емес екені даусыз. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін депутаттарға риза­шылығын білдірді. Президент: «Біз таяу жылдары бей­­қамдық танытатын уақыт емес екенін түсінуіміз керек», деді. Әлем дамуының күрделілігі айқын сезілуде. Жаһандық экономиканың жағымсыз сипаты да байқалуда. Аштыққа, заң­сыз көші-қон, індеттер, кикілжіңдерге байланысты қауіптер жоқ емес. Геосаяси өзгерістер алаңында этнос­аралық және дінаралық кикілжіңдер бой көрсетуде. Халықаралық те­р­роризм­нің қауіп-қатері де сезілуде. Қазақстан дамуының ағымдағы және стратегиялық жоспарларын ес­еп­тей отырып, Президент бесінші сес­сия барысында Парламент алдын­да тұр­­ған заң шығару ісіндегі төрт топта­ма­ны атап көрсетті. Инновациялық үдерісті, әсіресе, басым салаларды ынталандыратын заңнамалық норма оның алғашқысы болып табылады. Бұл үшін тәуе­кел­дерді төмендететін бөлігіндегі банктік қызмет пен қаржы ұйымдарын рет­теу туралы, «Халықтық IPO» бағ­дар­ламасын іске қосу үшін құқықтық базаны құру туралы, «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру ту­ралы» заңдардың жобаларын қарай­тын боламыз. Әлеуметтік жаңғырту үдерісін заң­на­малық қамтамасыз ету – екінші блокқа жатады. «Білім туралы» Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу және интеллектуалдық меншіктік на­рықты дамыту үшін заңнамалық база­ны құруды, Еңбек кодексін жаңғыр­туды қолға аламыз. Құқық қорғау органдары мен сот төрелігін реформалауды заңнамалық негізде кеңейту үшінші блок болып табылады. Алдағы уақытта ұйымдас­қан қылмыспен күрес саласындағы қылмыстық және қылмыстық-іс жүр­гізу заңнамасын жетілдіру, сот жүйе­сін нығайту, жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру туралы бірқатар заң жобалары қаралатын болады. Сон­дай-ақ Парламент алдында «Ұлт­тық қауіпсіздік туралы» Заңның жаңа редакциясын және «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» заң жобасын талқылап, қабылдау міндеті тұр. Отандық БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдарды дамыту – соңғы топтамада. Алдағы уақытта «Телерадио­ха­бар­ларын тарату туралы», «Діндер және діни бірлестіктер қызметі туралы» заңдар жобалары қаралып, мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылының құқықтық нормалары күшейтіледі. Президент бұл заңдардың қабыл­дануы Қазақстан Тәуелсіздігінің мық­ты құқықтық кепілі болып табы­ла­тынын атап өтті. Мемлекетіміз бен қоғамды демократияландыру үдерісі одан әрі жалғасатын болады. Алдағы сайлауда Мәжіліс кемінде екі пар­тиялы болатыны айтылды. Бұл біздің жас демократияның дамуында жаңа кезең басталатынын көрсетеді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы декла­рациясын қабылдау барысында Қа­зақ­стан Республикасының даму ке­зең­деріндегі Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың ерекше ең­бегін көр­сететін орайлы сәт туып отыр. Қазіргі кезде мемлекет құрылысын сәт­ті құра алған егемен Қазақстан же­ңісті жолдардан өтіп, асқақ асуларды артқа тастады. Тарихи тұрғыдан ал­ған­да қысқа ғана мерзімде дәуірлік өзгерістер жүзеге асырылды, тәуел­сіз­дікті қамтамасыз етудің тамаша та­быстарына, қоғамдық үйлесімге, бә­се­кеге қабілетті ұлт қалыптастыруға қол жеткізілді. Нұрсұлтан Назарбаев – жарқын істерді ілгерілетуші, жасампаз тұлға. Ядролық қарусызданудан бастап, әлеуметтік әділеттілікке дейін, соғыс пен бейбітшіліктен адам құқығына дейінгі арадағы әлемді толғандырған ең басты сауалдарға жалпы адамзат­тық тұрғыда жауап бере алатын өз халқының ұлтжанды перзенті. Өмір­лік мол тәжірибесі бар, қайсар әрі жігерлі, өте білікті әрі өжет, беделі биік, жан-дүниесі халқымыздың жазиралы даласындай кең, дара туған жан. Жаңа, тәуелсіз Қазақстанды қа­лып­тас­тырудағы Нұрсұлтан Назар­баев­тың ерекше дарыны мен мемлекет құрудағы маңызды рөлін күллі әлемдік қоғамдастық әлдеқашан мой­ындады. Кеше ғана Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­блеясының 66-сессиясында Ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жо­ға­ры деңгейдегі кездесу кезінде Қа­зақстан Президенті Н.Ә. Назар­баев­тың алғашқылардың бірі болып сөй­леген сөзінде Жер-Ананы, жалпы адам­затты қауіп-қатерден қорғауға ба­ғытталған ұтымды ұсыныстары, атап айтқанда, жаһандық энергиялық-экологиялық стратегия мен «Жасыл көпір» ауқымды экологиялық баста­маны қабылдау және БҰҰ бітімгершілік әрекеттер қорын құру жайлы ұсы­нысы әлемдік қоғамдастықта қызу қолдау тауып, есімдері Жер шарына белгілі саясаткерлердің біздің Елба­сымызды жаһандық көшбасшы деп танып, мойындауын қазақ халқының жұлдызының жарқыраған сәті деп түсінгеніміз абзал. Ел үшін, қасиетті атамекен – Ота­нымыз үшін Елбасының сіңірген ерен еңбегі мен қажырлы қызметін сара­лаған көкірегі ояу, көзі ашық әрбір жан оны жақсы біледі, сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлын әлемдегі өз заманының біртуар кемеңгер басшы­лары, атап айтқанда, қытай эконо­ми­калық реформасының бас архитек­то­ры Дэн Сяопин, сингапурлық «эко­номика ғажабын» өмірге әкелген Ли Куан Ю, әлем тарихындағы 100 ең танымал тұлғаның қатарындағы түрік Мұстафа Кемал Ататүрік секілді көрнекті тұлғалармен қатар қояды. Шындығында тәуелсіздік жылда­рын­да Қазақстанның ішкі жалпы өнім көлемі – 21 есе, жан басына шаққанда ІЖӨ – 14 есе, өнеркәсіп өнімі – 16 есе, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі – 7 есе, сыртқы сауда айналымы – 10 есе, орташа айлық жалақы 16 есе өсуі қазақстандық қарқынды даму жолы­ның айқын көрсеткіші емес пе?! Бұл жетістіктердің оңайлықпен келмегені бәрімізге мәлім. Бұл – Елбасы жүргізіп отырған салиқалы саясаттың, ұйқысыз түндер мен күр­меуге толы күндердегі батыл бастамалар мен жүйелі жұмыстың нәтижесі, экономиканы реформалаудың қазақ­стандық жолының жемісі. «Темір ханым» аталған Маргарет Тэтчер біздің Елбасымыз туралы ыс­тық ықыласын «Қазақстан жолы» кіта­бының алғысөзінде былай жеткізді: «Мемлекет құрушылар әрқашан ерекше тұлғалар болып табылады және сол топқа жатқызуға Нұрсұлтан Әбішұлының да толық хақы бар. Тоталитаризмнен бостандыққа өту ешқашан оңай болған жоқ. Қазақ­стан­ды бүгінгі биіктерге шығару үшін Президент Назарбаев батылдық пен абайлаушылықты ұштастыра пайда­ланды. Коммунизм құрсауынан босаған ел қазақы ерекшелігін сақтап қалды. Президент Назарбаев экономика мен қоғамның ашықтығына, яғни оның көршілері барынша бас тартқан нәр­селерге ұмтылды. Сөйтіп, ол Қазақстанның халық­ара­лық ұйымдардағы биік беделіне қол жеткізді». Ал Ли Куан Ю: «Қазақстан лидері – барынша талапшыл, іскер, тез және кесімді адам, келбетті, дарынды да табанды және бұрынғы Одақ респуб­ликаларында да лидер болып таныл­ған жан», дейді. Иә, Қазақстан қазір адам капита­лын оңтайлы пайдалануды басты міндет етіп отыр. Бұл тұрғыда алға жыл­жудың неғұрлым жарқын көрсеткіші – Сингапур. 5 миллионға жуық халқы бар Сингапурдың ішкі жалпы өнімі соңғы қырық жыл ішінде 100 еседен астам өсіп, бүгінде 217 млрд. АҚШ долларын құрайды. Осы ұлттың үл­кен салтанатының басты құпиялары­ның бірі кезінде оның көшбасшысы болған Ли Куан Юдің табыстың бас­ты факторы адам ресурсы деп шешкендігінде. Мұнда оқыту жүйесі икем­ді, балабақшадан бастап маман­дарды қайта даярлау курстарына дейінгі барлық буынды қамтиды. Мемлекет мектептің озат түлектерін шет­елдердің жетекші университеттеріне жыл сайын жіберіп отырады. Бүкіл әлемнің жоғары дәрежелі ғалымда­рын, зерттеушілерін сапалы жабдық­тар­мен, тиісті жалақымен және ғыл­ы­ми жұмысқа жағдай жасаумен өздері­не тартты. Және бір маңыздысы, бұл елде білімді өте мұқият жоспарлайды, атап айтқанда экономикаға қандай мамандар керектігін зер салып есептеп, нақты сол мамандық иелерін дайындауға қаржы молынан бөлінеді. Бұл орайда көбіне инженерлік маман­дықтарға басымдық беріледі. Ал енді Қазақстан мен Сингапу