Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Асхат Ораловтың хабарлауынша, барлық (1,5 мың адам) ерікті арнайы оқудан өткен. Шетелдік қонақтармен сөйлесу техникасын үйренді, тарих пен Астананың көрікті жерлері, ЭКСПО-ның ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.
Қала ішіне тәулігіне кезекшілікке 500 ерікті шығады.
- Еріктілерге арналған ынталандыруда тамақтану және тұру жағдайының жасалауынан басқа, ең үздік, белсенді еріктілерге қала әкімінің 20 гранты беріледі. Бұдан бөлек, олар алғыс хатттар мен сыйлықтар алады, - деді Асхат Оралов.