Қазақстан • 07 Маусым, 2017

«Шанхай рухы» туралы кітап

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қыз­метінде Р.Әлімовтің «Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымы: қалып­та­суы, дамуы, келешегі» атты кі­та­бының ресми таныстырылымы өтті.

«Шанхай рухы» туралы кітап

Автордың айтуынша, ШЫҰ бүгінгі таңда әйгілі, абыройлы және әмбебап халықаралық бірлестік, аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде әсер етуші фактор болып табылады. «Оның басқа ұйымдардан басты айырмашылығы, 15 жыл бұрын, Санкт-Петербургте екінші саммитте жиналып және  ШЫҰ  Хартиясын қабылдап, ұйымның құрылтайшы мемлекеттерінің басшылары оның барлық мүшелерінің тең құқықтық принципін қалады. Жоғары деңгейлі сенімділік, «Шанхай рухы» және біріккен дамуға ортақ ұмтылыс ШЫҰ-ны жаңа үлгідегі ұйымға, халықаралық қатынастардың көпполярлық жүйесін қалыптастыратын, қызығушылық тудыратын орталықтардың біріне айналдырды», деді спикер.
Автордың сөзінше жарық көріп отырған кітап – ШЫҰ-ның 15 жыл ішінде атқарған қызметіне терең үңіліп, тарихымен кеңірек танысуға мүмкіндік беретін бірден-бір еңбек. Кітапта ШЫҰ-ның пайда болуы, тарихы және халықаралық бірлестікке мүше мемлекеттердің философиялық және идеялық негізінің қалыптасуы мен бекітілу кезеңдері туралы материалдар жинақталған.
 «Весь мир» баспасынан жарық көрген кітапта, сондай-ақ, ұйымның негізгі оқиғалары мен іс-шаралары жазылып және де негізгі құжаттардың мәтіндері, оның ішінде ШЫҰ Хартиясының мәтіні, ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы, «ШЫҰ-ның отбасы» мемлекеттерінің статистикалық мәліметтері көрсетілген.   

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»