Қазақстан • 07 Маусым, 2017

Қазақстан мен Қытай жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзартты

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (ҚҰМК, CNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қытай жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзартты

Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы жемісті ынтымақтастықтағы мол тәжірибе жөнінде атап өтті. 20 жыл бойына қытайлық және қазақстандық тараптар минералды ресурстарды барлау мен өндіруде, мұнай құбырлары мен газ құбырларын салуда, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, реконструкциялау мен басқаруда техникалық мүмкіндіктері мен мол тәжірибе жинақтады.

Тараптар үлестері бар кен орындарда өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамытуда өндіру тиімділігін арттыру мақсатында көрсетілген келісімшарттар шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. Қ. Бозымбаев және В. Илинь жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мерзімін ұзарту туралы 3 жыл қолданыста болатын меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес Тараптар Жаңажол газ өңдеу зауытындағы газ өңдеу тарифтерін келісу «Ақтөбемұнайгаз-СНПС» АҚ мен «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ арасындағы жекелеген келіссөздер шеңберінде шешілетіндігі жөнінде келісті.

Тараптар Қазақстан тарапына газ-химия жобасын іске асыру перспективті болып есептелетіндігін растады және ҚҰМК осындай жобаны іске асыру жөнінде ұсыныс беретіндігі жөнінде келісті.

Меморандумға сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарын және жер қойнауын пайдаланушылар мен мердігер және қосалқы мердігер компаниялар жұмыскерлері сияқты қазақстандық персонал үшін жұмылдырылған шетелдік персоналға қатысты тең еңбекақы шарттары сақталады.

Меморандумда өңірлерді дамытуға әлеуметтік және өзге аударымдар деңгейі, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын жасау бойынша міндеттемелерді көбейту қарастырылған.