29 Қыркүйек, 2011

«Балапан» бағдарламасының базарлығы

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыста мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейту, жас бүлдіршіндерді тәрбие жұмыстарымен толық қамту үшін барлық жағдай жасалуда. Атап айтсақ, «Балапан» бағдарламасы аясында қолға алынған балабақшалар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Мысалы, биыл мектепке дейінгі білім мекемелерінде 1290 орын санын қамту жоспарланса, қазір оның 590 орны ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 1 мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі 3 балабақша және 3 шағын орталық ашылмақшы. Балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары да басты назарда. Бүгінгі күнге дейін облыс орталығындағы 3 мектепке дейінгі білім мекемелері 351 736,0 мың теңгеге жөнделіпті. Соның бірі – №19 балабақша ғимараты. Ол жуырда бүлдіршіндерге қайтара есік ашты. Оны заман талабына сай жөндеу үшін облыстық бюджеттен 116 240,0 мың теңге бөлінді. Соның нәтижесінде аталмыш балабақшадағы бүлдіршіндерге арналған орынның саны 150-ден 280-ге артып отыр. Ал Тараз қаласында жалпы 32 балабақша мен 21 шағын орталық жұмыс істейді. Онда 11932 бүлдіршін тәрбиеленеді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.
Соңғы жаңалықтар