Кей жерлерде найзағайлы жауын-шашын күтіледі, екпінді жел болады. Еліміздің солтүстігінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн ашық болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейіп, бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.