Медицина • 08 Маусым, 2017

Өзгенің жүрегіне өмір сыйлау үшін де үлкен жүрек керек

452 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Отандық медицина алға озып, әлем­дік бай тәжірибе елімізге енгізіліп жат­қан тұста білікті маманның мәртебесі би­ік­тей түсетіні анық.

Өзгенің жүрегіне өмір сыйлау үшін де үлкен жүрек керек

 Алдыңғы буын­ның орасан тәжірибесі мен білімі ұр­пақ­тар сабақтастығы негізінде алмасып, нә­тижесінде халық денсаулығының жақсаруына, қоғамда саламатты өмір салтының қалыптасуына оң әсер етті. 

Медицинаның маңызды­лы­ғын арттыру мақсаты мен сапалы қызметі туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­станның Үшінші жаң­ғы­руы: жа­һандық бәсекеге қа­бі­лет­тілік» атты Жол­дауында кеңі­нен айтылды. Сон­дық­тан Гип­по­крат антына адалдық саланы дамытуға да соны серпін береді.
Бүгінгі таңда жүрек-қан та­мыр­лары ауруы әлемді алаң­да­тып отырған күрделі мәселе. Атал­ған кеселден көп жағ­дайда адамдардың көз жұматыны да шын­дық. Дегенмен, толыққанды ме­­­дицинаның тетігін білетін бі­­лік­ті дә­­рігердің адам өмірін ара­ша­­лап қа­лу­­да үлесі зор. Айталық, он жылдан бері жұмыс істеп ке­ле жатқан «Та­раз ғылыми-кли­ни­калық кардио­хи­ру­р­­гия және тран­с­-
плантология ор­та­лығы» жа-
у­апкершілігі шектеулі се­рік­­­­тес­тігі бұл тұрғыда айтарлықтай жұ­­­­мыс атқарып келеді. Кәсіп­орын­ның бас директоры Сейіт­хан Жошыбаев жыл сайын жүз­деген адамның жүрегіне ота жа­сап, әрбір науқастың жал­ған­ның жа­­рығын қайта көруіне сеп­те­сіп отыр. 
Жалпы, Сейітхан Жошы­ба­ев­
елі­міз­ге медицина ғылым­да­ры­ның докторы, Қазақ­стан Рес­пуб­­ликасының еңбек сі­ңірген дә­рігері ретінде белгілі. Қырғыз мем­лекеттік медицина институ­тын және Мәскеу жүрек-қан та­мырлары ғылыми-зерттеу инс­­титутының аспирантурасын тә­мамдаған жас маман Қырғызстанның  Нарын және Та­лас қалаларында дәрігердің асси­стенті болып жұмыс істейді. Кей­іннен Біш­кек қаласындағы республикалық кли­ни­ка­лық ауруханада хирург, медицина инс­титутының кафедрасында жалпы хирургия көмекшісі және кеуде, жү­рек кафедрасының меңгерушісі қыз­метінде болды. Әулиеатаның Құлан өңі­рінде дү­ни­еге келіп, туған жердің тыл­сы­мын сезініп өскен Сейітхан Жошыбаев сан қырлы еңбек жолынан өтіп, білікті маман ретінде туған елге оралады. Араға ширек ғасырға жуық уақыт салып Алматыға келген ол Сызғанов атын­дағы Жүрек-қан тамырлары инс­титутының жетекшісі ре­тінде қызмет атқарады. Өзінің терең па­расаты, бай тәжірибесімен даралана біл­ген Жошыбаевтың жарқын жолы осы уақыттарда қалыптасады. 
Өзгенің жүрегіне өмір сыйлау үшін де үлкен жүрек керек. Әр­­дай­ым адал­­дығы мен адам­ды­ғынан жа­ңыл­ма­­ған Сейітхан Жо­шыбаев отандық ме­дицинада сара жолын салып қана қоймай, тәжірибе алмасу мақсатында Моң­ғолия, Венгрия, Германия, Үндіс­тан, АҚШ, Англия, Канада, Польша, Че­хия мемлекеттерінің арнайы маман­дан­дырылған клини­каларында болды. Әлемді шар­пыған жүрек-қан тамыр­лары ауруларын жеңудің жолын қарастырды. Ал аурудың ал­дын алу­да және науқасты емдеу­де өзі­нің өмі­р бойы жинаған тә­жі­ри­­бесін жас ма­ман­дарға көрсете біл­­ді. Бүгінде Тараз қа­ласында ең­­бек етіп жатқан медицина бі­л­гір­інің әлі де өзінен кейінгі б­у­ынға үйретері көп.
Талап талантқа жалғасып, ең­бек та­бандылықтан жарасым тапс­а, онда мұ­­ның бәрі адамды тұлғалық биік­ке жетелейді. Ең бастысы, халық жү­ре­гінде ақ халатты абзал жан ретінде қал­­ған дәрігерлік міндетке де қа­жеті осы. Олар үшін өзгенің өмі­рін сақтап қа­лу­­дан, өзгеге ба­қыт сыйлаудан ар­тық ба­қыт бол­маса керек. Ал адам ба­ла­сын ар­м­ан асқарына жетелейтін де, қиял бе­сігінде бөлейтін де жүрек ат­ты алып күш­тің қуаты қашанда қым­бат. Сейітхан Жо­шы­баев алға қойған мақ­са­ты­на жеткен азамат. Елінің білік­ті ма­маны, ардагер азаматы ре­тінде де айтарлықтай табысқа жет­ті. Талай жылғы еткен еңбегі мен төккен терінің нәтижесі ре­тінде Елбасының қолынан елі­міз­дің ең жоғары мемлекеттік ма­ра­паттары санатындағы ІІ дә­режелі «Барыс» орденін алуы да айтарлықтай бе­лес еді. 
Бүгінде Сейітхан Жо­шы­­-
ба­ев­ты біл­мейтіндер кемде-кем. Жү­рек дейтін алып қуатты жара­ты­лысты бағындыра біл­ген азамат талай адамға жарқын өмір сый­­лаған ардақты адам ретінде та­нылды. Мамандық мәртебесін көтерген жә­не сол мамандыққа адалдық таныта біл­ген ардагер тұлға әлі де кеселдің жолын кесуде еңбектеніп жүр. Бір ғылым док­торын және тоғыз ғылым кандидатын дайындаған ұлағатты ұстаз ретінде де шәкірттері мен халықтың ықыласына бө­ленді.

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы