Қазақстан полициясының ширек ғасыр мерейтойына бағышталған акция жиналған жұртшылықты үлкен әсерге бөледі. Сап түзеген тәртіп сақшылары сымдай тартылып, композияциялық үйлесімділіктер арқылы айшықты көріністер бейнеледі.
Флешмобтың екінші бөлімінде 60 домбырашы «Адай» күйін төгілдіре орындап берсе, спорттық ойындар да, әуелеген әндер де, мың бұралған билер де акция ажарын аша түсті.
«Ішкі істер органдарында қызмет ететін үш мыңға жуық қызметкерлер қоғамдық қауіпсіздікті қорғаумен, ішкі тыныштықты күзетумен бірге түрлі мәдени шараларға да белсене қатысады. Флешмоб ұйымдастырудағы мақсат–жақсы құндылықтарымызды насихаттау, жастарға үлгі ету», дейді облыстық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы