Сыйлық әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлеріне, қоғам және саяси қайраткерлерге дінаралық диалогты нығайтуға қосқан аса көрнекті үлесі үшін тағайындалады. Ол үш жылда бір мәрте ғана бір адамға беріледі.
Сыйлықты бір адамға қайталап беруге жол берілмейді. Сыйлық тағайындалған адамға 20 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырады.
Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Астанада 2003 жылдан бастап ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің көрнекті өкілдерінің қатысуымен үш жыл сайын өткізіліп тұрады.