Аймақтар • 08 Маусым, 2017

Ақтөбеде ет пен көкөніс бағалары қымбаттады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облыстық статистика департаментінің сәуір және мамыр айларында жүргізген тексерулерінің нәтижесінде өңірде күнделікті тұтынатын бірқатар азық-түлік бағалары өскенін көрсетеді. Бұл туралы бағалар бөлімінің басшысы Ұлжан Ташауова айтып берді.

Ақтөбеде ет пен көкөніс бағалары қымбаттады

Сондай-ақ, соңғы күндерде облыс орталығында картоп пен еттің бағасы күрт өсіп кетті. Айталық, мұндағы азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерде картоптың бағасы 23,5 пайызға өссе, бұған дейін базарда 1600 тенгеден басталатын сиыр етінің  бір килограммы 2000 тенгенің үстіне бір-ақ көтерілген.

Тиісті маркетингтік бақылаулар, тексерулер жүргізіп отырған жергілікті мемлекеттік органдар мамандары көкөністердің бірқатар түрлерінің қымбаттауын жергілікті өнімдердің әлі пісіп-жетілмеуімен түсіндіреді. Ал базарлар мен ет дүкендеріндегі ет бағасы неге өсті деген мәселеге келсек –оның айналасында жүргендер мал азығы мен жемнің шектен тыс қымбаттап кеткенін алға тартады.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»