Қазақстан • 08 Маусым, 2017

Астанада ҚХА жанындағы Аналар кеңесінде рухани құндылық мәселелері талқыланды

475 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Рухани тәрбие – дәстүрлі тәрбиенің негізі» тақырыбында елордалық ҚХА аналар кеңесі мүшелері ой-пікірлерін ортаға салды. Отырыс жұмысына коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада ҚХА жанындағы Аналар кеңесінде рухани құндылық мәселелері талқыланды

Жалпы мәселелерді айту барысында, Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Яннат Низамутдинова қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мен қалыптастыру, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ұқсастығы, қоғамдағы толеранттық қарым-қатынас, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарға құрмет пен буын сабақтастығын сақтау тақырын ойын білдірді.

Шара барысында жыл сайын балалар үйіне түсетін балалар санының азаюын мен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық жобасы туралы баяндайтын «Ана үйі» қоғамдық қорының қызметі жөніндегі фильмі көрсетілді.

-«Аналар үйі» - бұл өмірлерінде қиын жағдай орын алған жүкті немесе жаңа туған баласы бар әйелдерге арналған дағдарыс орталығы. Қазақстан Республикасында жетім балалар санын азайту мақсатында үйі жоқ әйелдер қауымына бағытталған «Аналар үйі» деп аталған дағдарыс орталығы еліміздің барлық аймақтарында ашылуда , - дейді «Ана үйі» қоғамдық қорыныңатқарушы директоры Бибігүл Махметова.

Қазақстан халықтар Ассамблеясының Сарыарқа ауданына қарасты аналар Кеңесінің төрайымы Сара Инербаева өз сөзінде отбасындағы тәрбиелеу мәдениеті мен сыйластық тақырыбын атап өтті.

Кездесудің қортындысы бойынша, «Ана үйі» қорымен қарым – қатынасты әрі қарай дамыту туралы ұсыныс жасалды. Сонымен қатар, болашақта ҚХА – аналар Кеңесі Астанадағы оқу орындарына барып, этно-мәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдеріне арнайы тақырыптық дәрістер оқу жоспарлануда.