Қазақстан • 08 Маусым, 2017

Елордаға Люксембург Премьер-Министрі келді

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель Астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордаға Люксембург Премьер-Министрі келді

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова күтіп алды.

Айта кетерлігі, ертең кешкісін өтетін халықаралық мамандандырылған көрменің салтанатты ашылу рәсіміне 17 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысатын болады.

Бұған дейін елордада 8-9 маусым күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне  қатысу үшін Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев,  Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Ресей Президенті Владимир Путиннің келгенін хабарлаған болатынбыз.

ШЫҰ саммиті барысында Пәкістан мен Үндістан аталған ұйымға мүшелікке қабылданады деп күтілуде. Осылайша, ШЫҰ жер тұрғындарының 40 пайызын, әлем экономикасының шамамен үштен бірін қамтитын болады. Бүгінде ұйымға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше. Қазіргі уақытта ШЫҰ төрағасы - Қазақстан. Ертеңгі саммит барысында төрағалық Қытай тарапына өтеді.