Сенат Төрағасы сингапурлық парламентшілерге мемлекеттер басшылары Н.Назарбаев пен Ли Куан Ю негізін қалаған екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының басшысы Сингапурдың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуын жоғары бағалады және осы елдің энергияның балама көздерін пайдаланудағы жетістіктерін атап өтті.
Әңгіме барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық және жаңа технологиялар мен инновация саласындағы өзара екіжақты байланысты кеңейту мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы бірлескен жобаларды іске асыру үшін ЭКСПО негізінде ашылатын Жасыл технологиялар мен «Астана» халықаралық қаржы орталықтарын пайдалануға болады деп санайды.
Қ. Тоқаев сингапурлық инвесторлар үшін Қазақстан нарығы әлеуетінің тартымдылығы арта түскеніне назар аударды. Астана Сингапур мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімін бекіту жөніндегі келіссөздерді қолдап келеді.
Сенат Төрағасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясында инфрақұрылымдық және көлік жобаларын іске асыруға байланысты ауқымды мүмкіндіктерді атап өтті. «Қазақстан ЕАЭО, Орталық Азия және Еуропа елдерінің нарықтары жолында тауар мен қызмет көрсетуге аймақтық логистикалық торапқа айналуы тиіс», деді ол.
Сонымен бірге, Қ.Тоқаев Қазақстанның тағатты саясаты туралы да әңгімеледі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру жөніндегі бастамасына жан-жақты тоқталды.
Халима Якоб өз кезегінде жүзге жуық қазақстандық компаниялар Сингапурға инвестиция әкелгенін, бұл қадам ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты осы елдің компанияларына жол ашатынын айтты. Сингапур Парламенті Төрайымының айтуынша, қаржы секторы мен консалтинг қызметін көрсету салалары өз отандастарына басымдыққа ие болу мүмкіндігі бар.
Х.Якоб жылы шырайлы қабылдауға ризашылық білдірді және Қ.Тоқаевты ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Сингапурдың ұлттық павильонының ашылуы салтанатына қатысуға шақырды.