Аймақтар • 09 Маусым, 2017

Цифрларды сөйлетсек

139 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ақмола облысы аграрлы са­нал­ға­н­ымен, индустриялық-инно­ва­циялық даму бағдарламасы ая­сында көптеген жобалар жү­зеге асырылуда. Өндірістерді өркен­де­тудің нәтижесінде үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айларында 163,9 млрд теңге тауарлық өнім өндіріліп, физикалық көлем индексі 104,9 пайызға жетті.

Цифрларды сөйлетсек

Жалпы, Ақмола облысы бойынша индустрияландыру картасына 12,3 мың адамды тұрақты жұмыс орын­да­рымен қамтитын құны 782,5 млрд тең­ге болатын 90 жоба ең­гі­зіл­ген. Бұл ретте республикалық Индус­т­рия­­­ландыру карта­сында 2 жоба қа­­рас­тырылғандығын атай кеткен орын­­ды. Соның біріншісі құны 13,1 млрд теңгелік «Қазатомөнеркәсіп» кү­кірт қыш­­қылы зауыты БК» ЖШС бол­са, екіншісі құны 459,3 млрд тең­ге­ге жүзеге асырылған «Масальский ГОК» ЖШС. Мемлекет басшысы Н.Назар­ба­евтың 2017 жылдың 31 қаң­та­рын­да­ғы «Қазақстанның үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ат­ты Қазақстан халқына Жолдауында жа­ңа­дан ашылған жұмыс орындарының са­ны  бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қыз­ме­тінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болатыны ерекше аталған. Осыған сәйкес өңірде өндіріс ошақтарын салу, жаңа жұмыс орындарын ашу қызу жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жаңа жұмыс орындарын ашу ісіне ерекше ықылас қойып, нақты жұмыстар ауқымын ай­қын­дап берді.

Бұл орайда өңірлік кәсіпкерлікті қол­дау картасына сәйкес 9,4 мың адам­ды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін құны 310 млрд тең­ге­лік 88 жоба жүзеге асырылуда. 2017 жыл­дың 1 мамырына қарасты 6,8 мың тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүм­кін­дік берген құны 158,8 млрд теңгелік 72 жоба іске қосылған.

Ал индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бес­жыл­дығы шеңберінде (2015-2019 жылдар) 7,1 мың тұрақты  жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін құны 661 млрд теңгелік 41 жоба іске асырылуда. Үстіміздегі жылдың 1 мамырына қа­рас­ты жоспарлы қуатын игеру бойынша 39 жобаның орындалуы 90 және одан жоғары пайызға жетіпті. Ал 21 жобаның орын­далуы 50 мен 90 пайызды құраса, ал 5 жобаның 50 пайызға орындалған.   

Іске асырылған жобалардың нә­ти­же­сінде 2017 жылдың қаң­тар-сәуірінде өн­дірілген өнім көле­мі 82,8 млрд тең­геге жетті. Бұл орайда өні­мінің 50,5 пайызы Индус­трия­лан­дыру картасы бойынша іске қо­сылған кәсіпорындар тарапынан шығарылған, ал қайта өндеу өнер­кәсібінің үлесі 57,5 пайызға жеткен. 2017 жылдың қаңтар-нау­ры­зы­нда Индустрияландыру картасына қа­ты­сушы-кәсіпорындар тарапынан мемлекеттік бюджетке 9 млрд теңге кіріс кірсе, ол жалпы салықтық түсім­дер­дің 28,5 пайызын құрап отыр.  Қа­зір­гі кезде көптеген кәсіпорындар өз­дерінің өндіріс көлемін арттыруға мүдде­лілік танытуда. Атап көр­сет­кен­де, минералды  шикізатты қайта өң­дейтін алтын өңдеу фабрикасы «Инвест-РТ» ЖШС (Степногор қа­ласы) шикізат өңдеу көлемін 108 мың тоннаға дейін арттыруды межелеп отыр. Бұдан басқа, «SAMHAT»  ЖШС (Целиноград ауданы) аяқ киім өндірісі  желісін қосып, аяқ киім тігу көлемін 500 мың парға жеткізуді көздеуде. Ал «ПО «Көкше-Цемент» ЖШС цемен зауытын салып, 2 млн тонна өнім өндіруді қолға алды. Өз кезегінде «BIOTRON GROUP» ЖШС (Степногор қаласы) ауылшаруашылық малдарына арнап вакцина шығаруды 1 млн дозаға дейін шығаруды  жоспарлап  қойған. «Казахалтын Technology» ЖШС (Степногор қаласы) Ақсу кен орнында алтын өндеу фабрикасын салмақ.

Осылайша өңірде индустрияны дамы­ту арқылы жұмыспен қамтудың жә­не аза­маттардың нақты табысын артты­ру­дың жолдары жан-жақты ек­шеліп, іске асырылуда.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы