Мұнда басқару жүйесін жаңғырту жүзеге асырылды. Өзінің жақындағы «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Президент Н.Ә.Назарбаев қоғамдық сананы жаңғырту қажеттігін атап көрсетті. Менің пікірімше, Қазақстан басшысы жиынтығында жаңғыртудың үш бағытын жарияласа, олар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оны бұрынғыдан да прагматикалық ете түсуі тиіс.
Саяси және экономикалық жаңғыртудың табысты жүзеге асырылуы елдің әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеті қатарына қосылуына оң ықпал етсе, оның осы мақсатқа жеткізетініне менің ешқандай күмәнім жоқ. Алайда, бұған берік іргетасты нақ осы қоғамды жаңғырту, оның санасы мен көзқарастары, қадамдары мен білі-
мі қалайтыны анық. Осы тұрғыдан алғанда мен Қазақстан басшысының ұстанымдарымен толықтай келісемін.
Осы жас мемлекетті сырттай бақылай және оның азаматтарымен үнқатыса отырып, мен Қазақстан қоғамының бір орнында тұрмай, өзінің дамуында уақытпен бірге адымдап келе жатқанын және ХХІ ғасыр талаптарына жауап беру мақсатында соған бейімделе білетінін анық көремін.
Елдің жаһандық аренадағы бастамалары мен табыстары, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі мен жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күш-жігері, Қазақстанның табысты медиаторлық рөлі, бірлік пен тағаттылыққа жақындығы, ақыр соңында, аса ірі халықаралық шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуі ел мен оның халқы дамуы деңгейінің, әрі қарай жалпыұлттық жаңғыртуға деген ұмтылысының және жас мемлекеттің толысқандығы мен прагматикалығының көрсеткіші болып табылады.
Жозе Жамиль АДУМ,
экономист, Бразилияның Минас-Жерайс штатындағы Зона да Мата өңірінің сыртқы сауда және халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің вице-президенті