Әлем • 09 Маусым, 2017

Қоғамдық сананы жаңғырту – ел дамуының іргетасы

1149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Н­азарбаев ел эко­но­ми­ка­сы­ның жаң­ғыр­тылатынын жа­рия етті. Сондай-ақ, жыл ба­сынан бері Қазақстан бас­шысының бастамасы­мен саяси реформалар жүр­гізілу үстінде.

Қоғамдық сананы жаңғырту – ел дамуының іргетасы

Мұнда бас­қа­ру жүйесін жаңғырту жү­зеге асырылды. Өзінің жақ­ын­да­ғы «Болашаққа көзқарас: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық мақаласында Пре­зидент Н.Ә.Назарбаев қоғамдық са­наны жаңғырту қажеттігін атап көр­с­­етті. Менің пікірімше, Қазақстан бас­­шысы жиынтығында жаңғыртудың үш бағытын жарияласа, олар елдің бә­се­кеге қа­білеттілігін арттырып, оны бұ­рын­ғы­дан да прагматикалық ете тү­суі тиіс.

Саяси және экономикалық жаң­ғы­р­тудың табысты жүзеге асырылуы елдің әлем­дегі аса дамыған 30 мемлекеті қата­ры­на қосылуына оң ықпал етсе, оның осы мақсатқа жет­кізетініне менің ешқандай күмәнім жоқ. Алайда, бұған берік ір­ге­тасты нақ осы қоғамды жаң­ғыр­ту, оның санасы мен көз­қарастары, қадамдары мен біл­і­-
мі қалайтыны анық. Осы тұ­р­ғы­дан алғанда мен Қазақстан бас­шысының ұстанымдарымен толықтай келісемін.

Осы жас мемлекетті сырт­тай ба­қы­лай және оның аза­мат­та­рымен үнқатыса оты­рып, мен Қазақстан қо­ғамының бір орнында тұр­май, өзінің да­муында уақытпен бірге адымдап келе жатқанын және ХХІ ғасыр талаптарына жауап беру мақсатында соған бейімделе бі­ле­тінін анық көремін.

Елдің жаһандық арена­да­ғы бас­та­малары мен табыстары, БҰҰ Қау­іп­­сіздік Кеңесіндегі мүше­лі­гі мен жа­һан­­дық бейбітшілік пен қауіп­сіз­дікті қам­тамасыз етудегі күш-жігері, Қа­зақстанның табысты медиаторлық рө­лі, бірлік пен тағаттылыққа жа­қы­н­­дығы, ақыр соңында, аса ірі ха­лықаралық шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуі ел мен оның халқы дамуы деңгейінің, әрі қарай жалпыұлттық жаңғыртуға де­ген ұмтылысының және жас мем­ле­кеттің толысқандығы мен праг­ма­ти­калығының көрсеткіші болып табы­лады.

Жозе Жамиль АДУМ,

экономист, Бразилияның Минас-Жерайс шта­тындағы Зона да Мата өңірінің сыртқы сауда және халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің вице-президенті