(Жалғасы. Басы өткен нөмірлерде).
Өздеріңізге белгілі, әлемдік діндер арасындағы Ислам – ең жас дін. 6 ғасырда араб түбегінде соңғы пайғамбар Мұхаммед ғалейс- саламға Жебрейл періште арқылы Алла тарапынан уахи етілді. Мұхаммед ғ.с. дүниеден өткенше 22 жыл бойы Аллатағала тарапынан аян етілген сол аяттардан Құран Кәрім құралды. Құран бойынша да Аллатағала Бұ Дүниені 6 күнде жаратқан. Топырақтан Адам Атаны, оның бір қабырғасынан Хауа Ананы жаратқан. Оларды қайғы-мұңсыз, жоқ-жітіксіз өмір сүретін Жәннатқа орналастырған. Бір ағаштың миуасынан дәм татуға тыйым салған. Алайда, әйел Сайтанның сөзіне еріп Аллатағала тыйым салған ағаштың миуасынан татты. Адам Атаға да таттырды. Сонда ғана олар өздерінің тұттай жалаңаш екендіктерін көрді, ұятқа қалды. Аллатағала өз бұйрығын орындамаған Адам Ата мен Хауа Ананы жазалап Жәннаттан қуды. Өмір бойы бір тапқаны бір тапқанына жетпей еңбектеніп күн көретін Жер бетіне түсірді. Ібілісті де қуды. Ібіліс сол күннен бастап Аллаға, оның сүйікті құлы Адам Атаға жауласып алды. Адам Ата ұрпағын заманақырға дейін Алланың ақ жолынан тайдыруға серт етті. Мұхаммед с.ғ.с Аллатағаланың адамзатқа арнаған соңғы сөзі Құран аяттарын меккеліктер арасында уағыздай бастады. Мұхаммед с.ғ.с. Құран аяттары негізінде өзіне дейінгі Алланың адамзат арасындағы елшілері болған 124 мың пайғамбардың барлығының елшілігін растады. Ислам бойынша Алла жалғыз. Оның 99 аты бар. Одан басқа Тәңір жоқ. Аллаға серік қосу ең үлкен күнә. Бұ Дүние – жалған. О Дүние – мәңгілік. Бұ Дүние Адам баласына тек сынақ үшін берілген. Бұ Дүниенің сынағынан сүрінбей өткен пендесіне Аллатағала О Дүниеде Жәннатты сүйіншілейді. Адамзат Алланың ақ жолымен жүре алмағандықтан да Қияметқайым болады. Өлгендер тіріледі. Алла алдына жиналады. Таразы құрылады. Әр пенде бұ дүниеде істеген жамандықтары үшін жазасын алып, жақсылықтарының сауабын көреді. Қылкөпірден өтеді. Адамдар ажыратылады. Күнаһарлар – Дозаққа, тақуалар Жәннатқа кіреді. Сөйтіп, Алла уәде еткен әділдік салтанат құрады. Енді осы келтірілген діни қағидаттарға ортақ мәтіндерді ортаға салып көрелік: – Жаратқан Ие әлемді жаратқанда Адамды қоса жаратқан. Сайтан Адамға қарсы шыққан. Және оны заманақырға дейін адастыра бермек. – Адам Бұ Дүниеде Сайтанның жетегінде кеткен әрбір қадамы үшін О Дүниеде Құдай алдында жауап береді. Жазаланады. Орны – Дозақ. – Адам Бұ Дүниеде жасаған әрбір жақсылығы үшін жарылқанады. Орны – Жәннат. – Бұ Дүниедегі өмір өткінші, О Дүниедегі өмір мәнгілік. – Кісі өлтірме! – Өтірік айтпа! – Ұрлық жасама! – Зинақорлық жасама! – Әділ бол! – Ата-анаңды сыйла! – Жақыныңа жақсылық жаса! – Адам баласына жақсылық жаса! – Адамды сүй! – Жан, тәніңді таза ұста! – Ойың, сөзің, ісің ізгілікті болсын! – Бос сөйлеме! Лас сөйлеме! – Құдай тағаланың аяндарын, кітаптарын, пайғамбарларын мойында! Ақыретке сен! – Адам қайта тіріледі. – Барлық діндер нәпсіге шек қоюға шақырады. – Тәкаппар болма! – Бай болсаң, қайырымды бол! – Барлық адамдар Құдай алдында тең. Осы діни қағидаттардың бәрінің жалғыз және басты мақсаты – Адамды екі дүниеде бақытты ету. Сізді Жаратқан Иеңіздің де жалғыз мақсаты сол. Шындығында діни мәтіндердің өзара ұқсастығы, пайғамбарлар тарихының соңғы діндерде қайталанып отыруы – бұның бәрі барлық діни хикметтердің қайнар көзі Жаратушы жалғыз Ие екенін көрсетеді. Яғни, күллі діни мәтіндердің (егер ол бұрмаланбаған болса) авторы Алла екенінің дәлелі. Исламият бойынша, сонау Адам Атадан бастап соңғы пайғамбар Мұхаммед ғалейссаламға дейін 124 мың пайғамбар өткені айтылады. Солардың бәріне де Алланың адамзатқа арнаған уахиі түсіп отырған. Алланың бұйрығы әр заманда, әр халыққа әр тілде түсіп отырған. Олардың бізге жеткені аз да, көбі тарих жадынан өшіп кеткен. Сақталмаған. Өкінішке орай, Алла аяны түскен халықтар болса, Жаратушыны жалғыз өз халқының Құдайы деп жаңсақ қабылдап, оған өз тілдерінде ат қойып «жекешелендіріп» алған. Шындығында күллі ғарыш Иесі жалғыз Құдайды әр халықтың өзінше ат қойып бөлшектеп алуы еш қисынға сыймайды. Адамзаттың ақыл-ойы дамыған бүгінгі заманда осынау ұлы ақиқатты мойындайтын кез келді. Құдай жалғыз. Біз көппіз. Бірақ бәрімізді жаратқан Даналық Иесі жалғыз. Оның аты әр тілде әрқилы аталғанмен, заты өзгермейді. Ендігі жерде Жаратқан Иеге серік қоспай оның жалғыздығын және күллі ғаламға ортақ екенін мойындау парыз. Бір Құдайға сыйыну парыз. Жаратушымыздың жалғыздығын мойындау парыз. «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір Құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі» (Абай. «Қара сөздер») Ендеше, Адам Атадан тараған Адам ұрпағының бірлікке, бауырластыққа беттейтін кезі келді. АҚЫРЗАМАН АЛДЫНДА Жаратушы бұ дүниені 6 күнде жаратты дейді. Құранда Алланың әрбір күні Жер бетіндегі мың жылға тең екені айтылады. Ғылым Жер бетіндегі тіршілік алғаш суда бір жасуша клетка қалпында пайда болып эволюция содан басталды дейді. Алайда, бір жасушалы тіршіліктің қайдан, қалай пайда болғанын нақты түсіндіре алмайды. Тіршілік бастауына Жер бетінде қолайлы табиғи жағдай қалыптасты деп түсіндіреді. Яғни, ғылым бойынша Жер бетіндегідей қолайлы табиғи жағдай ғарыштың қай түкпірінде пайда болса сол жерде тіршілік міндетті түрде пайда болуға тиіс. Алайда, ол «қолайлы табиғи жағдай» өз-өзінен қалай пайда болады? Немесе ол жағдайды кім жасайды, о жағына ғылым бармайды. Ал, киелі кітаптар болса Жер бетіндегі «тіршілікке қолайлы жағдайды» Құдірет Иесі жаратты дейді. Сонымен, ғылым тіршілік өлі табиғаттан эволюция нәтижесінде шықты деп біледі. Тіршілікке тән жан мен сана сол тіршілік иесінің эволюциялық дамуының нәтижесі деп біледі. Ал, дін болса жан мен тәнді бөліп қарайды. Тән – табиғаттан, жан – Алладан дейді. Ғылым мен дін арасындағы осынау ғасырларға созылған аламан айтысқа қарап отырып, ғылым бетке ұстап отырған сол эволюцияның өзі Жер бетіндегі Жаратушы Жобасы болмасына кім кепіл деген ой келеді. Құранға жүгінсек, ғаламдағы ілім кілті – Аллада. Олай болса, адамзат баласының ертелі-кеш ашқан ғылыми жаңалықтарының бәрі Жер бетіндегі Жаратушы Жобасының жүзеге асуы. Яғни, сол табиғат заңдарын бір-бірлеп тарқатып келе жатқан ғылыми қадамдардың барлығы түптің-түбінде өз Жаратушысына алып баратын тарау-тарау жолдар. Әрбір үлкенді-кішілі ғылыми жаңалық дүниені тану жолындағы, яғни ақиқатты тану жолындағы баспалдақтар. Ол баспалдақтар биіктеген үстіне биіктеп, абсолютті тануға бастап барады. Ал, абсолютті ақиқат – Хақтағаланың өзі. Дүниетанымдағы ғылымның бүгінгі биігі кванттық физика ашқан жаңалықтар. Сол биікке алғашқы көтерілген ғалымдардың бірі ұлы физик Макс Планктің көзі, ең алдымен, абсолютті ақиқатқа түсті. Өз көзі көрген осынау ақиқатты әлем алдында ашық мойындады: «Вселенной управляет Высший Разум и все в мире соединено Его вполне реальной, хотя и трудноуловимой энергией» деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемеден нені көреміз? Бұл мәлімдемеден біз табиғат тұңғиығына терең сүңгіген заманауи ғылым алдынан Жоғарғы Сананың шыққанын көреміз. Қасиетті кітаптар Адам рухының Алладан екенін айтады. Соның бір дәлелі – Адамның жасампаздығы. Жасампаздық – Аллаға тән қасиет. Жалпы сана, Жаратушыға тән сана бір орында тұрмайтын, үнемі қозғалыс, ізденіс, талпыныс үстінде болатын рух. Үңгірде тұрған жабайы дәуірінің өзінде Адам мал тәрізді тек қарын тоқтығымен ғана шектелмепті. Қолына қашау алып, сол үңгір қабырғасына сурет салыпты. Бұдан біз балаң сананың қоршаған орта туралы ойлана бастауын, оны түсінуге талпына бастауын көреміз. Немесе Адам шығармашылығының, жасампаздығының тәй-тәй басқан шағын көреміз. Сол талпыныс, жасампаздыққа деген мыңдаған жылдық талпыныс Адам баласын өрге сүйреп бүгінгі өркениетке алып келіпті. Алғашқы адамдар алдымен өзін қоршаған ортаны тануға талпыныпты. Өз көзіне көрініп тұрған табиғатты құдірет депті. Күркіреген күн, түнерген түн, алапат аспан, көк тіреген тау, жапырақ жайған ағаш, сылдыраған су – осының бәрі олар үшін тылсым да, түсініксіз құдірет иесі болып көрінді. Сондықтан жабайы Адамға жарқыраған Күн де тәңір, аспандағы Ай да тәңір, түнерген тау да тәңір, жалындаған от та тәңір, сылдыраған су да тәңір, жапандағы жалғыз ағаш та тәңір. Соларға табынды. Дүниетаным жолындағы осынау ізденістері, алайда, Адамды аңнан алыстата берді. Адамдыққа бастады. Адам шын Иесін тани алмаса да, сол Иесі жаратқан нәрселерге табынды. Бұл да болса прогресс еді. Даму адамзатты өзінің шын Иесін тануға алып келе жатты. Дами келе Адам, Жаратушы жіберген пайғамбарлар арқылы өзінің шын Иесін таныды. Пайғамбарлар адамзатқа осынау ұлы ақиқаттан хабар берді. Алайда, тәні – жерден, жаны-Хақтан жаратылған Адам екіұдай өмір сүрді. Тән қорегі үшін күн құрғатпай алысты, арпалысты. Алайда, жан қорегін таба алмады. Адам байғұс шарқ ұрып жан қорегін іздеді. Құдайын жерден емес, көктен іздеді. Адам жаны, сөйтіп, өзінің Иесін тегін іздеді. Осы тұста пайғамбарлар арқылы Жаратушы оларға уахи түсіре бастады. Адам жәйлі, әлем жәйлі ұлы ақиқаттан хабар бере бастады. Бұ дүниенің басы мен аяғы жәйлі, Жер бетіндегі Адам миссиясы жәйлі хабар еді ол. Өзінің шын Иесін тапқан адамзат үшін бұл хабар ұлы асу болды. Адам Адам болып еңсе көтерді. «Оқы! Оқы! Оқы!» деуменен Құрани-Кәрім түсе бастады. Адам баласы ғылымға бой ұрды, табиғат заңдарына үңілді. Әсіресе, Ренессанс тұсында Адам заманауи дүниетану негізін қалады. 19 ғасырда өмірдің пайда болуы жайлы эволюция теориясы өмірге келді. Эволюцияның өмірге келуі «өмірді бізге Құдай берді» деген сенімге соққы болып тиді. Адам Құдайға күмәндана бастады. 19 ғасыр аяғында Фридрих Ницше: «Құдай өлді!» деп жар салды. Оны естіген Федор Достоевский: «Если Бог умер, то человеку все позволено» деді. 19 ғасыр аяғында ғылымға, инженерлік тапқырлыққа негізделген индустриялды капиталистік қоғам тарих сахнасына шықты. Ал, капитализмнің Құдайы ақша еді. Сол ақша Құдайына табынған империалистік жаңа заман жыртқыштарына моральдік қағидалары жоғары дін кедергі бола бастады. Бәрін аморальді ақша билеген жыртқыш заманға Құдай кедергі болды. Сондықтан одан құтылу керек болды. Құдайды одан әрмен төмпештеу жаңа 20-ғасырда одан әрмен белең алды. Құдайды қудалауда ХХ ғасыр коммунистері алдына жан салмады. Кеңес Одағының алғашқы жылдары жастар арасында «құдайсыздар қоғамы» құрылды. Олар Құранды өртеді, мешіт, шіркеулердің күлін көкке ұшырды. Нәтижесінде, Кеңес одағы шын мәніндегі «құдайсыздар қоғамын» құрды. Алайда, бұл қоғам Құдайдың қарғысына ұшырап, көп ұзамай өз-өзінен құлады. ХХ-ғасыр аяғындағы Батыс әлеміндегі діни ахуалды америкалық әйгілі ғалым-қайраткер Пат Бьюкенен «Батыс ажалы» кітабында былай бағалады. «Еще в 1950-х годах развод был скандалом, «потрясением основ», аборт считался преступлением, а гомосексуализм – «любовью, не смеющей себя назвать». Сегодня половина всех браков заканчивается разводами, а «любовь, когда-то не смевшая себя назвать, ныне громогласно вещает со всех сторон». «Бог рынка отодвинул с пьедестала Бога Библии. Секс, слава, деньги, власть, – вот новые боги новой Америки». «Католики, протестанты, православные – все они участвуют в гражданской похоронной процессии западной цивилизации». «Из сорока семи европейских стран только одна, мусульманская Албания демонстрировала в 2000 году уровень рождаемости, достаточный для сохранения народа. Остальная Европа вымирает». «Освобождая мужей, жен, и детей от семейных обязанностей, европейские социалисты устранили общественную потребность в семье. Как следствие институт семьи начал отмирать. А с этим институтом начала отмирать и Европа». «Величайшим перемещением второй половины ХХ века стало перемещение женщин из домов в офисы... Расщепив семью-ячейку, это перемещение сулит в будущем возникновение «семьи, которая уже не семья. Короче говоря, расцвет феминизма сулит гибель народам и смерть Западу» («Смерть Запада»). Осы тұста әйел теңдігі деген ұранмен Батыстың Шығысқа ұсынып отырған гендерлік саясаты (әйел теңдігі әдемі ұғым. Оған ешкім қарсы емес) Шығыс елдеріндегі демографиялық дүмпуді тежеу кілті емес пе деген күдік туындайды. Демек, гендерлік саясатқа далақтап ілесе кету – өз еліңнің демографиялық өсуіне емес, өшуіне үлес қосу. Қазақстанға да келіп жеткен бұл бағдарлама мақсаты түптің-түбінде қазақтың көп балалы дәстүрлі отбасын азайтып, салт басты, сабау қамшы шенеунік әйелдер армиясын көбейтуге әкелері сөзсіз. Мұны біз Бьюкенен келтірген мысалдардан ұқтық. Демек, көп балалы отбасы деген ұғым салт басты, сабау қамшы әйелдер үшін олардың мансап жолындағы кедергілері болып көрінері хақ. Біз өркениет көшін бастап келе жатқан бүгінгі Батыс елдеріндегі Адам ахуалына ерекше назар аудару себебіміз, бүгінгі Батыс проблемалары күні ертең Шығыс алдынан да шығары сөзсіз. Өйткені, бүгінгі Батыс – ертеңгі Шығыс. Сондықтан, Пат Бьюкененнің жан айқайына тағы да құлақ түрелік: «Отсюда возникает противоречие: чем богаче становится страна, тем меньше в ней детей, тем скорее ее народ начнет вымирать. Общества, создаваемые с целью обеспечить своим членам максимум удовольствия, свободы и счастья, в то же время готовят этим людям похороны. В наступившем столетии судьба, возможно, компенсирует китайцам, мусульманам и латынамериканцам все те тяготы, которые им пришлось вынести. И, возможно, именно этим народам суждено в скором будущем стать властелинами мира. Разве не сказано в священном писании: «Блаженны кроткие, ибо они наследуют Землю». Батыс өркениеті өледі деген алғашқы диагнозды ХХ ғасыр басында өзінің атышулы «Европа ымырты» кітабында неміс философы Освальд Шпенглер жасады. Адам өзінің табиғи ортасынан кетіп үлкен мегаполис-шаһарларға шоғырлана бастады. Және бұл тендеция барған сайын үдей түсуде. Әлімсақтан жерге жақын болған, бүкіл тірлігі жермен біте қайнасқан Адам баласы енді жерден алыстап алып шаһарларда көп қабатты үйлерде тұра бастады. Бұл Адам психикасын түбегейлі өзгеріске ұшырататын қадам болды. Табиғат ананың аяулы аясынан шыққан Адам баласы тас үйлерге шоғырланып, өмір бойы тас үйлерде жұмыс істейтін болды. Адам жерден жаратылған. Және Адам Адам болғалы оның табаны жерден ажырамаған. Мегаполистер Адамды жерден ажыратты. Жерден ажырау Адамды бақытынан ажыратты. Онымен қоймай мегаполистер дәстүрлі мәдениет, дәстүрлі отбасы, дәстүрлі дүниетанымның да тамырына балта шапты деп білді бұл философ. Шпенглердің түйінді пікірі төмендегідей: «Мировая столица и провинция» – с этими базовыми понятиями всякой цивилизации появляется совершенно новая проблема исторической формы, которую мы, нынеживущие, как раз и переживаем без того, чтобы хоть отдаленно это осознать со всеми последствиями. Вместо мира – город, вместо полной формы сросшегося с землей народа – новый паразит, обитатель крупного города, чистий лишенный традиции, безрелигиозный, рассудительный, бесплодный, с глубинным нерасположением к крестьянству». «Мировую столицу образует не народ, а масса». «Мировая столица означает космополитизм вместо родины». «Мировые столицы - это считанные гигантские города всех зрелых цивилизации, которые презирают и обесценивают как провинцию, материнский ландшаф своей культуры». «Душевно сформированный землей культурный человек оказывается полоненным своим собственным творением, городом, он становится его порождением, его исполнительным органом и, наконец, его жертвой». «Человек мирового города не способен жить на какой-бы то ни было почве, кроме искусственной, ибо космический такт ушел из его существования» (О.Шпенглер. «Закат Европы»). Шығыс елдері арасынан осындай заманауи өркениетке қол жеткізген ел Жапон елі екені белгілі. Сөзсіз, Токиода алғаш болған Адам бұ қаланың жалт-жұлт еткен сыртқы көрінісінен көз ала алмайды. Біз де сондай күйді бастан кештік. Қалай қарасаң да инженерлік ойдың шырқап дамығанын көресің. Көресің де, осындай дамыған, әлемді артқа тастап кеткен жапондар неткен бақытты деп таң қаласың. Сөйтсек, бұл алғашқы әсерден туындаған алдамшы сезім екен. Дамыған қалалық өркениеттің екінші бетін ертесіне байқадық. Түнде жерасты өткелден өтіп келе жатып, жерде картон қағаз төсеніп жатқан екі жүздей кісіні көрдік. Бұлар әдейі қарсылық акциясын өткізіп жатқан жұрт болар дедік. Сұрап көрсек, олай емес екен. Бұл жатқандар баспанасыз, жұмыссыз, үйсіз-күйсіз далада қалған байғұстар болып шықты. Біз көрген өткел бұл алып шаһардың бір ғана жерасты өткелі! Ал бұл қалада жерасты өткелдер саны жүздеп саналады емес пе? Сонда далада қалған байғұстар саны тым көбейіп кетпей ме? Сонда біз бақытты жапондар туралы асығыс байлам жасаған болып шықтық. Біз Жапонияда жүрген кезде (26.09.10 – 02.10.10) Жапония премьер-министрі ел парламенті алдында сөйлеп жатты. Баяндамасында өткен 2009 жылы суицидпен 30 000 кісінің өзін-өзі өлтіргенін мысалға келтірді. Егер біз Жапонияны заманауи өркениет көшін бастап келе жатқан елдің бірі десек, Токионы адам және ақша ресурстары мол шоғырланған әлемдік астаналардың бірі десек, онда осы деңгейге жапа-тармағай ұмтылған дамушы елдер ертеңі қандай болатынын бейне айнадан қарағандай айқын көруге болмай ма?! Парадокстың көкесі сол – әлі күнге дейін адамзат дамудың осынау капиталистік жолынан өзге жолды таппапты. Ал осынау біздерді жарқын болашаққа бастап бара жатқан, тек ақшаға, табысқа табынған жолдың қандай «бақытқа» алып бара жатқанын көріп отырмыз. Парадокстың көкесі осы емес пе?! Постсоветтік кеңістікте сол «жарқын болашаққа» бізбен бірге беттеген ел – Ресей. Ендеше, ресейлік зерттеуші Сергей Вальцевтің осы тақырыпқа байланысты пікіріне ден қоялық. Мысалдар оның соңғы шыққан атышулы «Закат человечества» кітабынан алынды. «Если Ницше говорил: в ХХ-веке Бог умер», то, я говорю: «В ХХ-веке умер человек» (Эрих Фромм). «В 1999 году на Каннском кинофестивале демонстрировался документальный фильм, посвященной довольно известной рекордсменке. Героиня фильма превзошла прочих в области секса, а рекорд, причем, официально зарегистрированный, составлял 251 партнера подряд». «В 2005 году победителями 37-го Венецианского фестиваля стал фильм, рассказывающий о двух ковбоях – гомосексуалистах, «Горбатая гора». «В Сан-Франциско прошел марафон онанизма». «Во многих странах цивилизованного сообщества – Дании, Бельгии, Германии, Швеции, Норвегии, Исландии, Голландии, Франции, и др. – разрешено регистировать однополые браки». «В Голландии официально зарегистрировано более 50 000 гомосексуальных семей. Ежемесячно в однополый брак вступают от двух до трех тысяч новых пар. Таким семьям было разрешено усыновлять детей». «Только в 2003 году, после грандиозного скандала, не меньше 176 американских священников, обвиненных в сексуальных домогательствах над детьми , были отстранены от службы в 28 штатах США, в других 18-ти штатах священников-педофилов пока увольнять не собирается». «Примерно 19 млн. американцев страдают депрессией, которая является одной из главных причин желания смерти». «В 1970 году Церковь Сатаны была принята в Национальный совет церквей США». «Вот они герои нашего времени: бандит, проститутка, киллер, или аферист – самые модные герои большой прессы, книг, фильмов, телепередачи». «Глобальное же условие дальнейшего развития цивилизации – демонтаж человека». «Примитивная личность – основа прибыльности и устойчивости капитализма». «Главная цель цивилизации денег – получение прибыли. «Разбогатей или умри» - название американского фильма 2005 года». «За время строительства капитализма в России число наркоманов выросло в 12 раз». Сайтанның салтанаты емей не бұл?! Байқап отырғаныңыздай, біз батыс, шығыс зерттеушілері болып қарғап отырғанымыз капитализм екен. Бұдан келіп Батыстан басқа елдерде проблема жоқ екен деген пікір тумауы керек. Әңгіме, жалпы адамзаттың дамыған бөлігі бүгін ұрынған, ал дамушы бөлігі ертең ұрынатын індет туралы болып отыр. Бұл індеттің кісі шошырлықтай асқынуының бірнеше себептері айтылды. Алайда, Адам азғындауының басты себебі біздіңше – құдайсыздық. «Егер Құдай өлсе, онда Адам білгенін істей беретін болады» деп осыдан 1,5 ғасыр бұрын Достоевский айтқан көрегендік шындыққа айналды. Жоғарыда келтірілген бүгінгі Адам азғындауының қысқа ғана көріністері. Соның өзі нені көрсетеді? Бұл... Құдайдан құтылған Адамның Адам айтқысыз еркіндікке қолы жеткенін көрсетеді. Сол еркіндікті абсурдқа айналдырғанын көрсетеді. Абсурдқа ғана емес, жүгенсіздікке айналдырғанын көрсетеді. Жер бетінде Сайтанның салтанаты басталғанын көрсетеді. Құдайдан құтылған Адам Сайтанның жетегінде кеткенін көрсетеді. Алайда, адамзат шығарға тесік таба алмастай тығырыққа тірелді деуден аулақпыз. Өйткені, Адамға Жаратушы берген потенциал-мүмкіндік тым зор, тым орасан. Ол мүмкіндік адамның материалдық емес, рухани субстанциясында. Адам денесі – хайуаннан, рухы – Алладан. Адам материалдық субстанция жетегінде кете беруі мүмкін емес. Алыстап барып, тығырыққа тіреліп барып Адам материалдық молшылықтан жеріп, өзінің рухани субстанциясына бет бұрары сөзсіз. Материалдық молшылықтан бақыт таба алмаған Адам жоғалтқан Жаратушысын қайта іздейтін болмақ. Смағұл ЕЛУБАЙ.Макинскіде құтқару қызметі жүйесі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Шетелдіктерге жалған құжат жасап бергендер жазаланды
Заң • Бүгін, 15:12
Үкіметте қолжетімді баспана мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Көлік министрлігі AZAL ұшағының қара жәшігі туралы айтты
Оқиға • Бүгін, 14:40
Қызылордада «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:15
Қазақстан футболшысы Словакияның клубына ауысты
Футбол • Бүгін, 14:00