Агенттіктің мәліметінше, әлем бойынша көліктің бұл түрінің кеңінен тарай бастауы мемлекеттердің осы бағыттағы қолға алған саясаттарына тікелей байланысты. Сонымен қатар, энергетика нарығындағы ахуал да автокөлік шығаратын компаниялардың осы бағыттағы жұмыстарын күшейтуіне түрткі болған.
Алдын ала болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы электркөліктердің саны 20 млн, ал 2025 жылға дейін 70 млн-ға дейін ұлғаймақ.
Өткен жылы тоқпен жүретін көліктер Қытайда ең көп сатылды. Бір жыл ішінде Қытайда 336 мың көлік сатылса, АҚШ-та 159 мың көлік сатылды. Ал үшінші орындағы Норвегияда 50 мыңнан астам электркөлік сатылған.