Аймақтар • 09 Маусым, 2017

ОҚО-да жастардың бейресми кездесуі өтті

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыс әкімдігінің басқарма басшылары, қоғамдық ұйым жетекшілері және табысты кәсіпкерлер мен өңірдегі жастардың бейресми кездесуі өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

ОҚО-да жастардың бейресми кездесуі өтті

Еркін форматта өткен жиынға 800-ден астам жас қатысты. Жастарды баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру, бизнеске баулу, діни экстремизм мен терроризмнің, құқық бұзушылықтың алдын алу сынды маңызды мәселелер ортаға салынды.

Жиында жастарды кәсіпкерлікке баулудың маңыздылығы сөз болып, «Coffee Like» компаниясының құрылтайшысы, жас кәсіпкер Аят Азимов өз табысының сырымен бөлісті. Сондай-ақ, ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек жат ағымдардың жетегіне кетпеудің жолы – ата дәстүрімізге беріктік пен діни сауаттылық екенін айтты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы