Бизнес • 09 Маусым, 2017

Қазақстан мен Қытай 100 млн долларға тоқыма фабрикасын салады

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы ҚХР-на жасаған ресми сапары аясынада ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында келіссөздер жүргізіліп, Сяньяндік «Синьсин» тоқыма өнеркәсіп паркінен өз өкілдігін ашу туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан мен Қытай 100 млн долларға тоқыма фабрикасын салады

Қазақстандық делегацияның құрамы атынан «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқармасының төрағасы - Дилдабаев М., «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - А. Турсынгалиев,  «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы  А. Алдажаров ҚХР-на  ресми іс-сапарымен барып қайтқан болатын.

Осылайша, таяу уақытта ҚХР-дағы «Оңтүстік» АЭА өкілдігі өндірістік қабаттың жаңа мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жалпы елдер арасындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға және маңызды инвесторларды тартуға бағытталған инвестициялық, инновациялық өндірістерді іске қосу жұмыстарын бастайды.

Бірлескен қызметке алғашқы қадам болып жобалық  іске асыру құны 100 млн. АҚШ доллары болатын "Сяньяндік тоқыма корпорациясы" АҚБ жіп иіретін фабрикасын салу   болатынын айта кеткен абзал. ҚХР аумағындағы 11 000  астам адам жұмыс істейтін "Синьсин" ("Xinxing") - Сяньяндік тоқыма өнеркәсіптік паркі ҚХР-дағы ең ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі болып табылады. Жер аумағы бойынша 10 000 га құрайды. Тоқыма өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асырып  сондай-ақ өндірістік парк ретінде басқа да салаларда өз қызметін жүргізеді. Өндірістік аймақта өнім мүмкіндіктерін іске асыратын «Zara», «Pierre Cardin», «Massimo Dutti», «Hugo Boss», «Pull&Bear» сияқты ірі брэнтік корпорациялар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, парк резиденттердің бірі дүниежүзілік автопром паркінің көшбасшысы «KIA Motors Corporation» компаниясы болып табылады.