ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017

EXPO-2017. Президенттер мен Үкімет басшылары кешен аумағына келді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санаулы минуттардан соң ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми ашылу салтанаты басталады.

EXPO-2017. Президенттер мен Үкімет басшылары кешен аумағына келді

Дәл қазіргі уақытта Президенттер мен Үкімет басшыларының кортеждері кешен аумағына келді. Әлем елдері күткен шараға 17 мемлекеттің басшылары мен үкіметбасылары қатысатындығы жөнінде мәлімет таратқанбыз. Олардың қатарында ШЫҰ Астана саммитіне келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мухамад Наваз Шариф бар. Сонымен қатар, Испания королі Филипп VI, Сербия Президенті Александр Вучич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель көрменің ресми ашылуына мәртебелі қонақ ретінде келді.

Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, көрме өтетін үш айда Астанаға 2,4 миллион адам келеді. Олардың 15 пайызы – шетелдік туристер. 

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»