ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017

EXPO-2017. Шетел жұлдыздарының концерті өтеді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық көрме аясында жаз айларында елордада Limp Bizkit, Thirty Seconds to Mars сынды әйгілі топтардың концерті өтеді. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ департаментінің бас менеджері Әсем Омар хабарлады.

EXPO-2017. Шетел жұлдыздарының концерті өтеді

– ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында елордада елордада Limp Bizkit, Thirty Seconds to Mars сынды әйгілі америкалық топтардың концерті өтеді. Егер Крит, Полина Гагарина, «Муми Троль» тобы сынды ресейлік әншілер де келеді, – деді Әсем Омар.

Дәл қазір көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтуде. Көрмеге әлемнің 100-ден астам елі қатысатынын айта кетейік. Оның сыртында 20-дан астам халықаралық ұйым бұл көрмеден өз орнын белгіледі. 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін жалғасатын көрмеге 2,5 млн көрермен келеді деп болжануда.

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»