ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017

EXPO-2017. Сүндет Байғожин әнұранды шырқады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатында еліміздің мемлекеттік туы көтеріліп, мемлекеттік әнұран шырқалды.

EXPO-2017. Сүндет Байғожин әнұранды шырқады

Туды ҚР Қарулы күштерінің офицерлері алып шықты. ҚР мемлекеттік әнұранын «Астана-Опера» театрының жетекші солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Сүндет Байғожин орындады.

Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесінің бүгінгі ресми ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы мен арнайы өкілдері келді. Көрмеге әлемнің 100-ден астам елі қатысуда. Оның сыртында 20-дан астам халықаралық ұйым бұл көрмеден өз орнын белгіледі. 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін жалғасатын көрмеге 2,5 млн көрермен келеді деп болжануда.

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»