Қазақстан • 09 Маусым, 2017

Назарбаев: Ұлы далаға қош келдіңіздер!

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Назарбаев: Ұлы далаға қош келдіңіздер!

EXPO-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Н.Назарбаев:

– Қадірлі қауым! Осымен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялаймын! Әлем жұртшылығы мен барлық отандастарымды көрмені тамашалауға шақырамын! Ұлы далаға хош келдіңіздер! – деді елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесінің бүгінгі ресми ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы мен арнайы өкілдері келді. Көрмеге әлемнің 100-ден астам елі қатысуда. Оның сыртында 20-дан астам халықаралық ұйым бұл көрмеден өз орнын белгіледі. 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін жалғасатын көрмеге 2,5 млн көрермен келеді деп болжануда.

Арнұр АСҚАР,
"Егемен Қазақстан"