ЭКСПО-2017 • 10 Маусым, 2017

EXPO-2017. Түркияның ұлттық павильоны ашылды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО көрмесіндегі Түркияның ұлттық павильоны елге өз есігін ашты. Ғимараттың жалпы аумағы – мың шаршы метр.

EXPO-2017. Түркияның ұлттық павильоны ашылды

«Кел және өз қуатыңды тап». Түркия павильонының басты тақырыбы осылай аталады. Бауырлас елдің өкілдері барлық келушіні «Жаһандық синергия» тақырыбында әзірленген экспозициялармен қайран қалдырмақ. Жұртшылық назарына Түркиядағы барлық минерал көрсетіліп, баламалы энергия саласындағы жаңа технологиялар ұсынылады.

Жаңа ғана ашылған бауырлас елдердің павильонына келушілер қатары көбейді. Мұнда Анадолы табиғаты интерактивті түрде көрсетілген. Сондай-ақ, мұнда жылу камералары орналасқан. Камераны бассаңыз, адам жылуы арқылы экранға сұлбаңыз шығады.