ЭКСПО-2017 • 10 Маусым, 2017

БҰҰ EXPO көрмесіндегі өз павильонын таныстырды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан энергия тиімділігін іске асыру бағытында алдыңғы қатарда тұр әрі ЕХРО көрмесін өткізу арқылы Париж келісімін ілгерілетуге мүмкіндік жасап отыр. БҰҰ-ның ЕХРО-дағы Бас комиссары Джихан Сұлтаноглы осылай деп мәлімдеді.

БҰҰ EXPO көрмесіндегі өз павильонын таныстырды

БҰҰ халықаралық көрме аясында бүгін өз павильонын ресми түрде ашты. Мамандар бұл жердегі кинетикалық құмның берері мол екенін айтады. Мәселен, балаларды сәби күнінен ғылымға баулуға болады екен. Сондай-ақ, БҰҰ алаңынан шөлейтті алқаптарды суармалы егіске айналдырудың тың тәсілдерімен таныса аласыз. Жасыл экономикаға ерекше назар аударып отырған елімізге БҰҰ тарапы жоғары баға беріп отыр.    

"Қазақстан энергия тиімділігін іске асыру бағытында осы заманғы озық жетістіктерді өндіріске енгізуге нақты қадам жасап отыр. Бұл ретте жасыл экономикаға айрықша назар аударылып жатыр. Бұл жаңашылдық БҰҰ тарапынан жоғары бағаланып отыр. Қазақстан мен БҰҰ сенімді серіктестер екенін айта келе, маңызы зор көрмені өткізуде тек сәттілік тілеймін", деді Джихан Султаноглу.