Бокс • 10 Маусым, 2017

"Арландардың" қарсыластары белгілі болды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана арландары» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалында кубалық «Куба Домадорес» боксшыларымен күш сынасады.

"Арландардың" қарсыластары белгілі болды

Гаванада өткен қарымта кездесуде «Куба Домадорес» боксшылары колумбиялықтарды 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Қос кездесудің нәтижесі бойынша 7:3 есебімен басым түсіп, ақтық бәсекеге жолдама алды. Алғашқы сында «Колумбия Хероикос» командасы сәл басымдықпен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, WSB жартылай финалында «Астана арландары» британиялық «Бритиш Лайнхартс» ұжымынан 7:3 есебімен басым түсіп, финалға шықты.