Және көрменің басты экспонатының бірі болып отыр. Ұлттық Ядролық Орталықтың бас директоры Эрлан Батырбековтың айтуынша, қазақстандық «Токамакқа» бүгінде әлемдегі ядролық ғылыми қауымдастық мүшелері ерекше қызығушылық танытуда. Материалтану реакторының негізі-термоядролық реакция, бұл ғылыми тілде-термоядролық синтез, яғни миллиондаған градус температурада жүзеге асатын ядролық бірігу реакциясы деп аталады. Ғалымдар бұл реакторды жасау үшін 2003 жылдан бастап, 14 жыл бойы еңбек етіп келеді екен. Яғни Астанаға келуші туристердің басты назары осы «Токамакта» болмақ.
– Бүгінде бүкіл – әлем ғалымдары жаңа энергияның көзін ойлап табуға барлық күш-жігерлерін жұмсап жатыр, – деді Эрлан Батырбеков. – өйткені, жер бетінде көміртекті отын мен уранның қоры шектеулі. Сондықтан да энергиямен қамтамасыз етудің нақты бір көзі-термоядролық синтез, бұл дегеніміз энергияның таусылмас қайнар көзі. «Токамакты» тіпті жердегі жасанды бір күн көзі десек те әбден лайық.
«Токамактың» ресейлік, жапондық ғалымдармен де бірлесе жасап отырған бөлімдері бар. Сонау 2003 жылдан бастап біздің ғалымдар «Қазақстандық термоядролық материалтану реакторы Токамак құру және іске асыруға ғылыми-техникалық қолдау (Токамак КТМ)» атты ҚР бағдарламасы Президент Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен жүзеге асырып келеді.
2010 жылдың 5 қыркүйе-
гінде Токамак КТМ-ның алғашқы қанатқақты жобасы іске қосылды. Онда қуаты 25кА болып табылатын «алғашқы плазма» алынды. Ал 2012 жылы мамыр айында ТМД елдерінің АТОМ-ТМД комиссиясы болашақ термоядролық реакторлардың вакумды камера және ішкі камералық бөліктерін іске қосуға болатындығын нақтылады. Алыс-жақын шет елдердегі халықаралық термоядролық қоғамдастықтың қазақстандық Токамак КТМ-ға қызығушылығы арта түсуде. Бұған дәлел әлемдегі ең ірі ғылыми орталықтармен бекітілген меморандумдар атап айтқанда: Ресейдің Курчатов институты, INEA (Италия), «СIЕМАТ (Испания), JAEA (Япония) және тағы басқа елдер. Алдағы уақытта Токамак КТМ-ды қолданушылардың халықаралық коалициясын құру жөнінде де ұсыныстар түсіп жатыр екен. Коалицияның алғашқысы болып жоғарыда атап өткендей, көш басын Ресей Федерациясы бастап отыр. Себебі, «Токамак» адамзат игілігі үшін қолға алынған жоба, бейбіт атомды насихаттау барысында маңызы зор.
– 2016 жылы біз Токамак КТМ жобасының құрылысын жүзеге асыруда біршама жетістікке қол жеткіздік, – деді Эрлан Ғаділетұлы, –оған бюджеттен бөлінген қаражат осы жобаның сәтімен аяқталуына мүмкіндік берді. Жобаның аяқталу мерзімі, іске қосылуы Астанадағы ЭКСПО көрмесінде бастау алып отырғаны біз үшін үлкен мәртебе.
Раушан Нұғманбекова, журналист
Курчатов
Суретті түсірген автор