Сатылым бойынша ең танымалы жол талғамайтын көліктер. Экспортты қосқанда жыл басынан бері 6369, яғни жалпы сатылымның 41 пайызына тең жол талғамайтын көлік сатылған.
Екінші орында седан көліктері. Жыл басынан бері ресми автодилерлер 6354 көлікті 35,03 млрд теңгеге сатқан.
Қауымдастықтың мәліметінше, экспортты қоса есептегенде жаңа автокөліктердің сатылымы өткен айда 5 пайызға артқан.