Қазақстан • 12 Маусым, 2017

Қазақстан Азия мен Еуропа арасынадағы транзитті аймаққа айналып келеді

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Транзиттік авиажолаушылар саны 2016 жылы 250 мыңнан 478 мыңға дейін жетті. 2017 жылы олардың саны 600 мыңға жетеді деп жоспарланған, деді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдында есеп беру кезінде. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.

Қазақстан Азия мен Еуропа арасынадағы транзитті аймаққа айналып келеді

«2017 жылы олардың саны 600 мыңға жетеді деп жоспарланған. Негізгі жолаушылар легін Азиядан Қазақстан арқылы Еуропаға және кері бағытта қатынайтындар құрайды», – деді Ж.Қасымбек.

Министр айтып өткендей, халықаралық авиация ұйымы аудитінің ескертулерін жою  бойынша жұмыстар атқарылды.

« 2009 жылғы ұшылардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертулерін жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл Азаматтық авиация комитеті еуропалық талаптарды жоспарлы түрде енгізу және азаматтық авиация саласын реттеудің британдық үлгісін басшылыққа алуды көздеп отыр», – деді Ж.Қасымбек.

2016 жылы Петропавл әуежайының аэровокзалы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту аяқталып, Семей әуежайының терминалы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

«Сонымен бірге, Ұлт жоспары аясында Алматыда жаңа әуежай салу және әлеуетті инвестор тарту арқылы халықаралық авиация хабын құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселесі пысықталуда», – деді министр.

Министр  айтып өткендей,  2016 жылы 13 халықаралық бағыт ашылды: Алматыдан Сиань, Шарм-Эль-Шейх (маусымдық), Тегеран мен Самаруға, Астанадан Амстердамға, Ақтаудан Батумиге (маусымдық) және Сочиге (маусымдық), Шымкенттен Ыстамбұл мен Худжандқа, Қарағандыдан Ыстамбұлға, Тараздан Нижневартовскі, Сургут және Худжандқа.

«2020 жылға дейін Астанадан Токиоға, Сингапурға, Шанхайға(2019 ж.), Нью-Йоркке (2020 ж.) тікелей әуе байланысын ашу жоспарланып отыр», – деді Ж.Қасымбек.